• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 20:02:34
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2017 NEWS

Қолтырауыннан адам қалдықтары табылған

Зимбабведе төтенше жағдай болды. Екі қолтырауыннан адам денесінің қалдықтары табылған. Ол жоғалып кеткен кәсіби аңшы Скотт ван Зил болуы мүмкін. Ер адам өткен...

Зимбабведе төтенше жағдай болды. Екі қолтырауыннан адам денесінің қалдықтары табылған. Ол жоғалып кеткен кәсіби аңшы Скотт ван Зил болуы мүмкін. Ер адам өткен аптада ізтүссіз жоғалып кеткен деп хабарлайды Қамшы АА strana.ua-ға сілтеме жасап.

 

Аңшы әріптесімен және бірнеше итпен аңшылыққа көлікпен барған. Олар бір уақытта екі жақа кеткен. Содан бері ван Зиланы ешкім көрмеген. Иттер  лагерге оралған. Ал аңшының киімдері көлікте қалған.

 

Құтқарушылар мен сүңгуірлер іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тікұшақпен де ван Зиланы іздестірген. Лимпопа өзенінің жағасынан ван Зиланың сөмкесін тапқан. Өзенге жақын жерде жүрген екі қолтырауынды құтқарушылар өлтіріп, ішінен адам денесіне ұқсас қалдықтарды тапты.

 

Табылған дене қалдықтары ван Зиланікі ме әлде басқаға тиесілі ме соны анықтау үшін қазір медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір