• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 15:56:59
Алматы
+35°

Шереметьево әуежайындағы ұшақ апатынан қайтыс болған 41 адамның қатарында борт қызметкері Максим Моисеев те бар. Ол ақтық демі қалғанша жолаушыларды құтқарған. Аэрофлот авиакомпаниясының қызметкері Максимнің адамдарды қауіпсіз жерге көшіру барысында түтінге уланып қайтыс болғанын айтты. 

Максим Моивеев небәрі 22 жаста еді. Оның туған туыстары болған оқиғаға әлі сене алар емес. Ол бала кезінен аспанға ұшуды армандаған. Кейін арманын шындыққа айналдыру үшін ол Мониндегі бастапқы ұшу жаттығулары бар әскерилендірілген Мәскеу облыстық мектеп-интернатында оқыды. Өз мамандығы бойынша 1 жыл 3 ай жұмыс істеген. 

Максим Моисеев

— Жауапкершілігі бар, сенімді жігіт еді. Ол үнемі басқаларға көмектесіп жүретін. Батырлық пен жанкештілік үнемі Максимнің бойынан табылатын, - деп еске алады Максимнің досы Александр.

— Тек өте жақсы адам болғанын айта аламын. Адал әрі жауапты жігіт еді. Қиындықтан қорықпайтын және өз басының қамы үшін өзгелерді қиын кезде тастап кетпейтін, - дейді досы Андрей. 

Ресейлік БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, Максим апат болған ұшақтың артқы жағында өрт шыққан жерге жақын отырған.  Максимнің әріптестері жолаушыларды алдыңғы есіктен шығарып жатқан кезде, Максим тағы бір шығатын жерді ашпақ болады. 

— Оның қолынан келмеді. Болмады. Кейін ол жолаушыларды сыртқа шығаруға көмектесті. Соңына дейін көмектесті. Бірақ өзінің өмірін пида етті, - дейді әріптесі. 

 Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір