«Қобыланды батыр» бейнесін «Бетман» түрінде көрмейік

«Қобыланды батыр» бейнесін «Бетман» түрінде көрмейік
Ⓒqamshy.kz

Елбасының бүгінгі «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы әр қазақтың баяғыдан көкейінде күмбірлеп жатқан ұлы армандардың пернесін дөп басыпты. Жылқы мінезді қазаққа мақаланың әсіресе, жылқы туралы тұсы майдай жаққаны анық. Ғалымдар адамзаттың дамуына бірден-бір қозғаушы күш болған қасиетті жылқы жануарын қолға үйрету қазақ даласынан басталғанын айтты, жазды. Берел қорғаны оның бұлтартпас айғағы. Алайда әлемдік қауымдастықтың санасына сіңірілмей, орта жолда қалды. Осы тұжырым Елбасы айтқандай, бүкіл әлем құныға оқитын кітап, қызыға қарайтын кино болып шықса, әр елші, шет елге ресми сапармен шыққан әр шенеунік немесе әр бизнесмен осыны шегелей түссе, Ұлы даланы танып білуге құштарлығы, құрметі арта түсері анық. 
Әрине, Елбасы айтқан соң осы игі істерге қыруар ақша бөлінеді. Ұлттық мәселелерге ақша бөлінсе, оның аш бөріше ту талақайын шығаратын ашқарақ шенеуніктер алақаннын ысқылап отырған да болар. Бізде кино түсірілген сайын оның қаражаты төңірегінде «Ішіп қойды, жеп қойды» деген сарында бір дау шығады. Олай болмас үшін әр тиынына дейін есепке алып, бақылауды күшейту қажет. Бұдан бөлек, ұлттық жобаларды ұйымдастыру жүрегі ұлтым деп соғатын, халықтың тарихы мен руханиятынан терең хабары бар адамдарға жүктелуін талап ету маңызды. Әсіресе, кино түсірілсе ұлттық рухы жоқ, өзгенің қаңсығымен тәрбиеленген дүбара пысықайлардың қолына түсуінен сақ болу керек. Олай болмаған жағдайда «Қобыланды батыр» бейнесін «бетман» түрінде көріп, кинодан қазақ деген ел барын тани алмай қалуымыз әбден ықтимал.
Қазақ даласында үлкен өркениеттің болғанын білдіретін «Алтын адам» мен басқа да қазбалардан табылған ғажап әшекей бұйымдарды тарихпен сабақтастыра отырып, жаһандық деңгейде насихаттаудың маңызы ерекше. Осынау ұлы далада ғасырлар бойы дамып, әлемнің түкпір-түкпіріне таралған алтын, күмістен, теріден, ағаш пен сүйектен, қыштан жасалған қолөнер бұйымдарының, оюлардың теңдессіз үлгілерінің Отаны қазақ даласы екенін бар ғалам білуге тиіс. Бұл орайда қазақтың ұлттық қолөнерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуі, олар салықтан босатылуы қажет. Өйткені оған қазірше сұраныс тым жоғары емес, алайда жұмысы тым күрделі, шығыны көп, пайдасы мардымсыз. Мәдениетіне ерекше құрметпен қарайтын кез-келген елге бара қалсаңыз, туристер баратын жерлердің бәрінде ұлттық бұйымдары сатылады, сонысымен сол елдің мәдениеті насихатталады.
Елбасы мақаласында көтерілген ерекше мәселенің бірі – рухани құндылық саналатын аңыз әпсаналарды, ертегілер мен қиссаларды, дала фольклорын жинақтау, кітаптар шығару және оны цифрлық жүйеде мұрағаттау. Бұл ел болам, тарихымды, салт-дәстүрім мен руханиятымды сақтаймын деген ел үшін ғажап бастама. Бізге дейінгі бабаларымыздың бәрі пәниден бақиға өтті, енді бірқатары келместің кемесін күтіп жағада тұр. Біз де өтеміз. Қалатын осы тасқа жазылған, таспаға басылған мұрағат. Сондықтан мүмкіндігінше ұлтқа қатысты дүниенің бәрін дерлік цифрлық жүйеде мұрағаттаудың маңызы ерекше. Ал оны әлем тілдеріне аударып сақтау және тарату одан да маңызды.
Бұл орайда әр азамат өз үлесін қосқаны абзал. Әркім өзінен бастасын. Мен де өз үлесімді қостым және қоса да аламын деп ойлаймын. Өйткені, кезінде осы қазақ даласында ғасырлардан бері ауызекі таралып, айтылып келген аңыз-әпсанарды 12 жыл бойы жинадым. Олардың бірқатары кезінде 55 томдық кітапқа енген болатын. Ел ішіндегі сол аңыз әпсаналар негізінде газет шығардым, ұлттың осы таным-түсінігін ғылыммен негіздеуге тырыстым, кітап шығардым. Әлі де жарияланбаған мол дүние бар. Міне, осының бәрі басылып, цифрлық жүйеге көшірілсе, Ұлы даланың келер ұрпақтарына ұлағатты мұра емес пе? 
Бір сөзбен айтқанда, Елбасының бұл мақаласы ұлттық руханиятты өсіруге, Ұлы даланы әлемге танытуға ашылған жол, зор мүмкіндік. Енді осыны науқаншылдыққа салып, көпірме сөзбен салдақылап, малта езгендей мазасын қашырмай, нақты концепциялар жасап, айқын бағытпен нақты іске асыру - аса маңызды. 
Әділбек Қаба. Фейсбук парақшасынан

 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Бекболат Тілеухан: Бұл күннің болары анық еді...
    20/03 01:45 0 246
    2
    Назарбаев өзінің кеңесшісін тағайындады
    20/03 00:34 0 194
    3
    Назарбаев әлем мойындаған ұлы қайраткер ретінде тарихта қалды
    19/03 22:00 0 322
    Валентина Матвиенко: Келесі президенттің кім болатынын тек Қазақстан халқы шешеді (видео)
    19/03 21:03 0 2219
    Нұрсұлтан Назарбаевтың 19 наурызда жасаған үндеуі (толық нұсқасы)
    19/03 19:49 0 1034

    Таныстырылғандар

    Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық
    Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық
    Біз балаларымызға бақытты болуды үйрете алмадық
    Бақытты сатып алу мүмкін емес. Сіз тілегіңізді қанағаттандырғаннан, қалағаныңызға қол жеткізгеннен, рахаттанғаннан бақытты бола салмайсыз. Бақыт тауар емес.
    Аудио тыңдау
    14/03/2019 12:48 0 279
    8 сынып оқушысы: Мен өлсем, басқа адамдарға жақсы бола ма?
    8 сынып оқушысы: Мен өлсем, басқа адамдарға жақсы бола ма?
    8 сынып оқушысы: Мен өлсем, басқа адамдарға жақсы бола ма?
    Өміріңізді қиюға соңғы рет әрекет жасағанда қандай әдісті қолдандыңыз?
    Аудио тыңдау
    14/03/2019 16:03 0 564
    Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды
    Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды
    Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды
    Бала өзгелермен тең дәрежеде олимпиадаға қатысты.
    Аудио тыңдау
    14/03/2019 23:38 0 370
    Сүйінші! "Әліппе" қайта оралатын болды!
    Сүйінші! "Әліппе" қайта оралатын болды!
    Сүйінші! "Әліппе" қайта оралатын болды!
    Әліппеге байланысты биылғы оқу жылында үлгермейміз. Келесі оқу жылында әліппе орнына қайтып келеді.
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 10:16 1 12116
    Дариға Назарбаева: ДАИШ-тың келесі көздегені Қазақстан ба?
    Дариға Назарбаева: ДАИШ-тың келесі көздегені Қазақстан ба?
    Дариға Назарбаева: ДАИШ-тың келесі көздегені Қазақстан ба?
    Оның айтуынша, лаңкестердің қай бағытқа ойысатыны маңызды сұрақ болып тұр
    Аудио тыңдау
    15/03/2019 11:08 1 2686
    9 жасар алматылық ресейліктерді таңдай қақтырды (видео)
    9 жасар алматылық ресейліктерді таңдай қақтырды (видео)
    9 жасар алматылық ресейліктерді таңдай қақтырды (видео)
    Тіпті әділ қазы мүшесі "тіпті мен де бұл нотаға дәл түсе алмаймын, сен әрбір нотаға дәл түсе білдің",- деп баға берді.
    Аудио тыңдау
    16/03/2019 12:02 0 13599
    Шамшидинова "Қазақстан тарихы" ," Қазақ тілі" және "География" пәндеріне өзгеріс енгізбек
    Шамшидинова "Қазақстан тарихы" ," Қазақ тілі" және "География" пәндеріне өзгеріс енгізбек
    Шамшидинова "Қазақстан тарихы" ," Қазақ тілі" және "География" пәндеріне өзгеріс енгізбек
    "Балабақша мен мектепте әйелдердің тәрбиесін алған балалар қыз секілді болып барады."
    Аудио тыңдау
    17/03/2019 16:14 2 1531
    Батыр Жүкембаев бокстағы 15-інші жеңісіне қол жеткізді (видео)
    Батыр Жүкембаев бокстағы 15-інші жеңісіне қол жеткізді (видео)
    Батыр Жүкембаев бокстағы 15-інші жеңісіне қол жеткізді (видео)
    Негізінде Жүкембаев басқа бір мексикалық боксшы - Карлос Хименеспен жұдырықтасуы керек болған. Бірақ кездесуге бірнеше күн қалған уақытта қарсыласы ауысты.
    Аудио тыңдау
    17/03/2019 17:57 0 2695
    1 шілдеден бастап ауылдық жердегі мұғалімдер 180 908 теңге жалақы алатын болады
    1 шілдеден бастап ауылдық жердегі мұғалімдер 180 908 теңге жалақы алатын болады
    1 шілдеден бастап ауылдық жердегі мұғалімдер 180 908 теңге жалақы алатын болады
    Жоғары санаты бар қала мұғалімінің жалақысы 158 034 теңге, ауылдық жерлерде -180 908 теңгені құрайтын болады.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 09:12 0 1497
    Жәрдемақы көбейгенмен, мәселелер азаймайтынын Үкімет біле ме?
    Жәрдемақы көбейгенмен, мәселелер азаймайтынын Үкімет біле ме?
    Жәрдемақы көбейгенмен, мәселелер азаймайтынын Үкімет біле ме?
    Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік бюджет қызметкерлерінің жалақысын өсіру үшін Ұлттық қордан 980 млрд теңге алынады
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 09:31 0 730
    Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды
    Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды
    Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды
    Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 12:26 0 772
    Әлемнің үздік 3 банкінің қатарына қазақстандық банк кірді
    Әлемнің үздік 3 банкінің қатарына қазақстандық банк кірді
    Әлемнің үздік 3 банкінің қатарына қазақстандық банк кірді
    12 наурызда Нью-Йоркте "Global Finance" журналы жыл сайынғы дәстүр бойынша 26-шы рет әлемнің үздік банктерін марапаттады.
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 15:07 0 470
    «Ақаң бір айда танытқанда, сендер сауат ашуды неге сегіз айға создыңдар?»
    «Ақаң бір айда танытқанда, сендер сауат ашуды неге сегіз айға создыңдар?»
    «Ақаң бір айда танытқанда, сендер сауат ашуды неге сегіз айға создыңдар?»
    Өсті міне ойларың – деп балаға емес, шенділерге айтылып тұрғандай...
    Аудио тыңдау
    18/03/2019 15:13 0 527
    Билікті қорлағандар мен фейк жаңалық таратқандар заңмен жазаланатын болады
    Билікті қорлағандар мен фейк жаңалық таратқандар заңмен жазаланатын болады
    Билікті қорлағандар мен фейк жаңалық таратқандар заңмен жазаланатын болады
    Адам құқықтары жөніндегі президенттің кеңесі мен басқа да адам құқықтарын қорғау ұйымдары заң жобаларына қарсы шыққан.
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 09:28 0 595
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол кім?
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол кім?
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол кім?
    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдады
    Аудио тыңдау
    19/03/2019 19:36 0 1910