• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:32:15
Алматы
+35°

30 Наурыз, 2019 Аймақтар

Қобда ауданында Елбасының әлеуметтік саясаты табысты жүзеге асырылуда

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының Ақтөбе облысына сапары кезінде мәлімдеді


Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының Ақтөбе облысына сапары кезінде белгілі болды.

Сапар барысында Мәулен Әшімбаев Қобда ауданына арнайы барып, Елбасы партияның кезекті XVIII съезінде анықтап берген «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» әлеуметтік жобалары аясында атқарылған жұмыстармен танысты.

Нұр

Атап айтқанда, ол Қобда ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде болды. Заман талаптарына сай салынған бұл спорт нысанында бассейн, фитнес және жаттығу залы, футбол, волейбол, баскетбол алаңдары бар.

Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары И.Тайманов атындағы Қобда гимназиясына ат басын бұрып, ауданның «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде, партиялық жобасы аясында ашылған ІТ-сыныпта және мектеп асханасында болды.

Одан бөлек, кәсіпкерлікке бет бұрған белсенді ауыл жастарымен кездескен Мәулен Әшімбаев елдің болашағы жас буынның қолында екенін айтты.

– Жастар арманшыл болуы керек. Көздеген мақсатқа жету үшін қажырлы еңбек пен табандылық қажет. Елбасы жастардың заманға сай дамуына барлық жағдайды жасап берді, – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Сонымен бірге Мәулен Әшімбаев Ақтөбе қаласындағы ерекше талаптарды қажет ететін жандарға арналған «Coworking space» орталығында болды. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында ашылған бұл орталық мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді.

Орталық жұмысын үйлестіруші, «Алаш» мүгедектер қоғамының төрағасы Әлібек Елеусізовтің айтуынша, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылықпен айналысып, өз мүмкіндіктерін дамытуға және түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қажетті барлық жағдай жасалған. Бұдан басқа, орталықта қамкөңіл жандардың бос уақыттарын тиімді өткізулеріне арналған кітапхана жұмыс істейді. Тіпті шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойнап, музыкалық аспаптармен көңіл көтеруге де мол мүмкіндік бар.

Мұндай орталықтардың кез келген қоғам үшін маңызы зор екенін айтқан партия Төрағасының Бірінші орынбасарыелімізде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «кедергісіз орта» қалыптастыру Елбасының тікелей тапсырмасы екенін жеткізді.

– «Nur Otan» партиясы бұл салада мүмкіндігі шектеулі жандардың инклюзивті білім алуына, олардың жұмысқа орналасуына, саяси-қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуына және қоғамда кедергісіз орта қалыптастыруғабағытталған нақты басымдықтар бойынша жұмыс істеуде. Бұл істе Ақтөбеде ашылған осындай орталықтардың тигізер әсері мол. Сондықтан оны еліміздің барлық өңіріне үлгі ретінде көрсетеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары сапар барысында «Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы» жобалары бойынша да өңірде қолға алынған жұмыстармен танысты. Аталған әлеуметтік жобаларды Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның кезекті XVIII съезінде анықтап, нақты тапсырмалар берген болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір