• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:18:10
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 NEWS

ҚМДБ: Рамазан айында Алматыдағы автобустар түнгі 12-ге дейін қатынайды

Қасиетті Рамазан айында Алматыдағы қоғамдық көліктер түнгі 12-ге дейін қатынайды.

Қасиетті Рамазан айында Алматыдағы қоғамдық көліктер үш магистраль бойынша және вокзал бағытында сағат 00:00-ге дейін жүретін болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ-ға сілтеме беріп.

17 мамырдан басталатын қасиетті Рамазан айында қаладағы барлық 49 мешітте тарауих намазы оқылады, ал 45 мешітте Құран Хатым шығарылады.

«Тарауих намазының түнгі 12-ге дейін созылуына байланысты әкімшіліктің ықпал етуімен 16 мамыр мен 14 маусым аралығында автобустардың кестесі  өзгертілді. Сайн көшесі мен Достық даңғылы, Алматы-1 вокзалы мен Талғар тас жолына дейінгі 4 бағыттағы автобустар сағат 00:00-ге дейін жүретін болады. Сонымен қатар әр мешітте жамағаттың білімін жетілдіру мақсатында зияткерлік сайыстар өтеді. Ал орталық мешітте екінті мен бесін намазы аралығында «Умра кіші қажылығы кімге бұйырады?» атты байқау ұйымдастырылады», - деді ҚМДБ Алматыдағы өкілі Еркінбек Шоқаев.

Рамазан айында барлық мешіттерде қауіпсіздік күшейтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір