• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:02:18
Алматы
+35°

05 Қыркүйек, 2017 NEWS

ҚМДБ: Мьянма мұсылмандарына жасалған қасіретті қатаң айыптаймыз

400-ден астам адамның өмірін қыршыннан қиған қасіретті оқиға әлемнің әр түкпіріндегі мұсылман жұртының ғана емес барша адамзаттың алаңдаушылығын тудыруда

Ресми деректерге сәйкес, Мьянмада 400-ге жуық адам көз жұмған. Мьянмадағы рохинджа мұсылмандары түрлі азаптаулардан көз жұмды, елден қашуға мәжбүр болды. Осыған қатысты ҚМДБ неге үнсіз дегендер де болды. Бұл туралы Qamshy.kz-те материал жариялаған еді.

Жақында ҚМДБ Мьянмада орын алған қайғылы оқиғаға байланысты қатты алаңдаушылық білдіретінін жеткізді. 

Жергілікті тұрғындарға жасалған қасіретті қатаң айыптайды деп хабарлайды ақпарат агенттігі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

400-ден астам адамның өмірін қыршыннан қиған қасіретті оқиға әлемнің әр түкпіріндегі мұсылман жұртының ғана емес барша адамзаттың алаңдаушылығын тудыруда. 

ҚМДБ еліміздегі барша халықтан нақақтан құрбан болған, зорлық, зомбылық көрген адамдар үшін Бір Алладан дұға етуді сұрайды. Өйткені Алла елшісі: «Дұға мұсылманның қаруы» деген. Мьянмадағы адамды азаптап өлтірудің шектен шыққан бұл көрінісі біздің де жанымызға қатты батты.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Жазықсыз бір адамның қанын төгу – жер бетіндегі бүкіл адамды өлтіргенмен бірдей», – деп ескерткен. Алланың күллі адамзатқа жіберген бұл ашық ескертуін ұмытпауымыз керек.

Жаратушы Иеміз барша адамзат баласына мейірім-шапағат, бейбіт өмір, ынтымақ, сабыр берсін!             

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір