• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:45:29
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 Әлеумет

ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды

"Құрбан айтта қуандыр" атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың тапсырмасына орай дін қызметкерлері құрбан айт күндері (21-23 тамыз, 2018 жыл) еліміз бойынша 61 191 отбасына 439 тонна 943 келі құрбандық еті таратылды.
Құрбан айт
Құрбан айт
Мешіт тарапынан таратылған құрбандық еті қарттар, жетімдер үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, көп  балалы жанұяларға, жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша тұрмысы төмен жеке тұлғаларға үлестірілді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер мен кəмелетке толмаған балаларға арнайы сыйлықтар берілді.
Құрбан айт
"Құрбан айтта қуандыр" атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты. Мешіт жанындағы арнайы орындар мен жергілікті əкімдік белгілеген нысандарда құрбан шалынды.
Айта кетейік, биыл мұсылман қауымы құрбан айтты 21 тамыздан бастап тойлады.

ҚМДБ баспасөз қызметі 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір