• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:01:58
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2017 NEWS

«Қызтеке» деп күдіктенген досын 29 жастағы азамат пышақтап кетті

Шығыс Қазақстан облысында оқыс оқиға орын алды. Зырянов ауданында тұратын 29 жастағы азамат өз досын пышақтап кеткен. Бұған ел арасында таралған өсек себеп...

Шығыс Қазақстан облысында оқыс оқиға орын алды. Зырянов ауданында тұратын 29 жастағы азамат өз досын пышақтап кеткен. Бұған ел арасында таралған өсек себеп болыпты. Жұрт айыпталушы азаматтың досы «қызтеке» деген ақпаратты таратқан екен, деп жазады «Қамшы» ақпараттық агенттігі.

«Қасым-ақпараттың» айтуынша, Жұрттан досы туралы естіген азамат онымен сөйлесу үшін пәтеріне барады. Көптеген көрмеген танысына есік ашқан жәбірленуші амандасу барысында оны құшақтамақ болған. Танысының бұл әрекетін теріс түсінген азамат оны соққыға жығады. Кейін ас үй пышағымен жарақаттайды. Артынша екеуі тілге келіп, мәселенің мәні мүлдем басқа екенін түсінген. Осыдан соң айыпталушы үйіне қайтып кетеді. Ал жәбірленушінің денсаулығы күрт төмендеп кеткен соң ол жедел-жәрдем шақырып, ауруханаға түскен. Олар полицияға хабар берген.

Сот барысында айыпталушы азамат өзінің кінәсін толық мойындап, арандап қалғанын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір