• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:51:36
Алматы
+35°

12 Шілде, 2017 Әдебиет

Қызым, саған айтамын, сен өзің тыңда: 
1.Таңғы ұйқысын қимайтын жігітпен тұрмыс құрма! 
Азандағы жалқаулық түс ауғанда шабыт әкелмес. 
2. Қарынды жігітке назар аударма! 
Өзін тежей алмаған адам, өзгеге қамқор бола алмас. 
3. Ашуланғанда қолына не түссе соны лақтыратын адаммен бас қоспа! 
Бүгін ол зат лақтырса, ертең сені де лақтырады. 
4.Ата-анасының бетінен алатын жігіттен аулақ жүр! 
Оларды аямаған адам сені тіпті де оңдырмас. 
5.Жайбасар ынжықтан аулақ бол! 
Бүкіл тірлікті саған жүктеп, өзі бейғам отыра берер. 
6.Құрбыларыңның көзінше зекитын жігітке жолама! 
Түкке тұрмайтын сылтаумен сені тастап кете беруі мүмкін. 
7.Әркімге жарамсақтанған жағымпаздардан іргені аулақ сал! 
Ондайлардың әр қатынасы үшін қорланып жүрерсің. 
8.Саған үнемі өзі бірінші болып, хабарласпайтын адамға жолама! 
Шынайы махаббат шақырусыз-ақ өзі келеді. 
9.Көңілің барынша толмайтын адамға тұрмысқа шықпа! 
Кейде онсыз тұра алмаймын деген адамынан да ажырасатын кез өмірде бола береді. 
10. Болып-толған адамға ешқашан сенбе! 
Өмірінде қателеспеген, қиындық көрмеген жан бұл дүниенің қадірін біліп жарытпас. 
Дегенмен, қызым! Жаны жайсаң, ниеті таза, ақ адал адамды танып, тапсаң - көңілін қалдырма, оны кеудеден итерме!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір