• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:22:06
Алматы
+35°

24 Қаңтар, 2018 Аймақтар

Қызылордада жүздеген отбасы құрт-құмырсқаның ортасында өмір сүруде

Жүзден астам отбасы құрт-құмырсқамен тұруға мәжбүр. 50 жыл бұрын салынған көпқабатты үйдің әбден тозығы жеткен.

Жүзден астам отбасы құрт-құмырсқамен тұруға мәжбүр. 50 жыл бұрын салынған көпқабатты үйдің әбден тозығы жеткен. Тіпті, жертөледен бастап, жоғарғы қабаттарға дейін ылғал тартып кеткен. Қабырғалары шылқыған су. Алайда, әкім-қаралар еш көмек бере алмаймыз деп отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 «Мына жердің барлығы таракан. Тараканнан көз ашпаймыз. Міне, міне таракан! Мына жақтың барлығы таракан, мына жердің барлығы толып тұрады. Таракан жетеді. Үйде балалар бар, мында вообще балалап жатыр» - дейді үйдің тұрғыны Жанар Жақыпова.

Жанар Жақыпова отбасымен бірге мұнда 8 жыл бұрын көшіп келген. Бірақ, бар жиған-тергенін баспанаға салған жанұяның қуанышы ұзаққа созылмады. Өйткені, дәл осы пәтерде бауыр еті баласынан айырылған. Қабырғасы көгеріп, әбден ылғалданған үйде екі жасар сәбиінің өкпесіне салқын тиіп, шетінен кетіпті... 

ескірген үй

«2017 жылы осы бронходан салқын тиіп, ауырып, шетінеп кетті. Экстренно больницаға түсіп, ертеңісіне реанимацияға түсіп, комаға түсті. Содан соң шетінеп кетті. Осының кесірі, өтіп кеткен сырость. Үйдің барлығы сырость» - дейді қала тұрғыны Жанар Жақыпова.

Көршілерінің бұл жан күйзелісі үлкен сабақ болса керек, осыдан соң жатақхана тұрғындары сирей бастаған. Көпбалалы ана Зияда Мамырбай пәтерін бос қойып, дереу бұл үйден көшіп кеткен. Онсыз да екі бірдей мүгедек баласының қамын ойлап, бүгінде басқа тұрғын үйден пәтер жалдап отыр. 

«Мынаның барлығы жүндейді... Көгерген ерунда. Осыдан қаншама балам ауру тауып отыр. Балаларым үшін амалдың жоқтығынан осы жерді тастап, квартираға көшіп отырмын. Бір пенсияға жалдап, үйден көшуге мәжбүр болып отырмын шынына келгенде» - қала тұрғыны Зияда Мамырбай.

Тұрғын үйдің қолданысқа берілгеніне биыл 50 жыл толады. Күні бүгінге дейін жөні түзу жөндеу көрмеген. Кіреберісін аттап басқаннан-ақ, көгерген иіс мазаңды алады. Қабырғалары болса, ылғалдан шылқып тұр. Бірақ, бұған бас қатырып отырған билік жоқ дейді, ашынған тұрғындар.    

«Ешқандай бізге жағдай жасап, адамдар тұрып жатыр екен ғой деп бақылап келіп жатқан адам жоқ. Әкімдікті білмеймін, осындай общежитияның бар екенін білмейді ия болмаса біздің қағазымызды қарап жатқан жоқ. Жолдан қайтып кетіп жатыр ма, әлі бізге ешқандай жауап келген жоқ» - қала тұрғыны Гүлмира Сыбанова.

Пәтер иелері кооперативі болса, керісінше тұрғындарды кінәлайды. Халық тиісті төлемдерді уақытылы жасамайды, деп ақталады. 

пәтер іші

«2 мыңнан жинаңдар пәтерақы есебінен местами хотя бы косметический ремонт істеп, қыстан шығайық. Келесі жылы Үкімет әрқайсымыздың жеке пәтеріміз болса да, ендігі жылы көмектеседі Үкімет деп айттым мен бәріне. Бірақ ешқандай результат жоқ» - пәтер иелері кооперативінің төрайымы Ұля Арынова,

Ал қалалық тұрғын үй инспекциясы тұрғын үй  жеке адамның мүлігі екендігін айтады. «Ортақ мүлік болмағандықтан, араласа алмаймыз» дейді. 

«Мұны енді апатты деп тану үшін сол жерде тұрған тұрғындар өздері бірлесіп, тәуелсіз экспертке барып, сол үйді көрсетіп соған заключение алу керек. Сол заключение алғаннан кейін олар мына ЦОН арқылы бізге тиісті құжаттарын өткізеді» - қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы Берік Сәрменбаев.

Егер тұрғындар үйдің апатты жағдайда екендігін дәлелдейтін тәуелсіз сарапшының қорытындысын алып келсе сол құжат арқылы жаңа үйдің кезегіне тұруға мүмкіндік бар. Басқа тығырықтан шығар әзірге жол жоқ. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір