• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:15:13
Алматы
+35°

07 Тамыз, 2018 NEWS

Қызылордада 1000-нан аса декларация электронды форматта рәсімделген

2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Қызылорда облысында 1198 декларация электронды түрде орындалған

2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Қызылорда облысында 1198 декларация электронды түрде орындалған. Бұл туралы Қызылорда облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Кедендік декларациялаудың «Астана-1» ақпараттық жүйесі де қазіргі кезде толықтай қолданыста. 2017 жылдың қазан айынан бастап «транзит» модулі тәжірибеге енгізілген. Содан бері 2035 транзиттік декларация осы жүйеде өңделді. 2018 жылдың 6 айында 1198 декларация (100%) электронды түрде рәсімделді», – деді С. Мұстафаев.

Сондай-ақ, ол көптеген қызметтердің электрондық нұсқаға көшкенін атап өтті.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан эскпорт режимі, ал 1 сәуірден бастап барлық басқа режимдер электронды жүйеге көшті», - деді ол.

Өңірде «Салықтың жиналуын көтеру» бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Осыған сәйкес, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 1 жартыжылдығында шоғырландырылған бюджетке 151,5 млрд. теңге түсім түсуін қамтамасыз етті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 45,8 млрд. теңгеге артық болып отыр. Сонымен қатар, аймақта электронды шот-фактура жүйесін 15570 тұлға қолданған екен (заңды және жеке кәсіпкер).

Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы Б. Орданованың айтуынша, электронды декларациялау деректерді толықтай кодпен цифрландырады және декларацияны толықтай өңдейді. Бұған қоса, деректердің өңделуін жүзеге асырады.

Электронды декларациялауды ендіру, яғни тауарды тазартудың жедел жүйесі Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға және еліміздің инвестициялық тартымдылығын көтеруге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Еске сала кетсек, электронды декларациялау жүйесі 2018 жылдың 1 қаңтарында іске қосылды. Ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті бастамасымен қолға алынған болатын. Ең алдымен Астана-1 ақпараттық жүйесі экспорт режимі бойынша іске қосылған еді. Бұл жаңа жүйе Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптары мен Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа кеден заңнамасына сәйкес сауданы жеңілдету мақсатында жасалған. Бұған дейін 2017 жылдың 1 қазанынан бастап аталған жүйенің «Транзит» модулі енгізілген болатын. Жүйенің көп функционалдылығы және бірнеше ақпараттық бағдарламаларды бір негізгі платформаға біріктірілуі ескеріле отырып, Астана-1 жүйесі кезең-кезеңмен енгізілмек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір