• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:24:44
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2017 Әлеумет

Қызылорда полициясы мен прокуратурасы қылмыс әлемін қамқорлығына алған ба? (ЖАЛҒАСЫ)

«Қамшының» қоржынына тағы бір хат келіп түсті. Хатты жолдаушы азаматтың осыған дейін де мәселесі сайт бетінде «Қызылорда полициясы мен...

«Қамшының» қоржынына тағы бір хат келіп түсті. Хатты жолдаушы азаматтың осыған дейін де мәселесі сайт бетінде «Қызылорда полициясы мен прокуратурасы қылмыс әлемін қамқорлығына алған ба?» деген тақырыппен жарық көрген болатын. Алайда бас аурудан құлан таза айығудың орнына дерті ушыққан Нұрлан Тұрманов редакция көмегіне қайта жүгінуді жөн санапты. Автордың стилі сақталынды. «Қамшы» сайты еркін пікір алаңы екендігін, екінші тараптың нұсқасын да сайт бетіне шығаруға дайын екендігімізді айта кеткіміз келеді.

«Былтыр яғни 2016 жылы сіздерге, Бас прократураға және Елбасы Н.Назарбаев мырзаға арызданған болатынмын. Бас прократурадан ісіңіз қысқартылған деп кінәлілер белгісіз деп жауап келді. Ал одан кейін Елбасы Н.Назарбаевтан ісіңізді бұздырып қайта қарау жөнінде Бас прокуратураға нұсқау берілді деген хат алдым. Артынша Бас прокурордың орынбасары Меркел мырза ісіңіз бұзылды, Облыстық прокуратураның қарауында деген хат келді. Артынша ісіңіз қалалық Ішкі істер (ары қарай ІІ-ред.) басқармасының тергеуінде деп қалалық прократурадан хат алдым. Сол ісімді іздеп облыстық ІІ басқармасына бірнеше бардым. Әне-міне дегенше 2017 жыл болды, одан кейін барсам ісіңізді прократура архивке жіберді деп қарап отыр. Сонда осы ұйымдасқан топтың басшыларымен облпрокуратура мен облыстық ІІ Басқармасы ауыз жаласып тұр деген сөз ғой. Ақпан айының 8 жұлдызында Елбасы Н.Назарбаев мырза Республика Бас прокуроры Ж. Асанов мырзаға бес жыл көлемінде жабылған істерді қайта тергеу туралы нұсқау берді. Ал мен бұған дейін Қазақстан ІІ министрі Қасымов мырзаға алты рет арыз жаздым, Бас прокурорға алты рет арыздандым. Елбасы Н.Назарбаев мырзаға үш рет арыздандым. Ұйымдасқан топтың осы арызымның бәрін ақшамен шешіп отырғанына күмәнім жоқ. Себебі кезінде-ақ маған айтқан «Облпрократурамен ІІБ басшыларына отметка беріп отырмын, отметкі алып отырған кісілер менен алған параға коттедж салып, джип мініп жүр, олардың өздері-ақ сенің қалтаңа героин салып қамап, аузыңды жабады» деген. Осыны айтқан топ басшысы Өмірзақов Сәбитбек – лақап аты «Аппақ». Қазіргі кезде криминалдық әлемде адамды бопсалап ұйымдасқан топ жетекшісі бұнымен қазіргі кезде бүкіл Қызылорда облысына, заң орындарында, қызметкерлеріне өз дегенін ақшамен істетіп отыр. Қазақ күлшелі бала сүймекке жақсы деген. Қылмыстық тобының арқасында ақша жинап алып, енді заң орындары соның дегеніне көніп отыр ғой. Жоқ, мен тазамын деп айтқан кісілер қазір қамалып жатыр, ал Аппаққа күші жетпей ме құзырлы органның немесе қарындары әлі тоймай жатыр ма? Менің әр арызданған сайын ол істі жабу үшін Аппақтан сындырып күлшесінен алып отыр.  Түсінікті ғой, құрғақ қасық ауыз жыртар деген осы. Істі прократурадан қаулы шығарып жауып отырған адамды қызметтен аластатып үстінен іс қозғауды сұраймын. Елбасы мен Бас прокуратурадан мен сіздерге бір сурет жіберемін. Онда құзырлы орган қызметкеріне Аппақ Сәбит дастархан жайып қонақ қылып үйінде отырғаны.

(Қысқа көк жейде киіп тұрған Сәбит)

Сосын Аппақ Сәбит ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде есепте тұрған, арнайы былтыр есептен өз атымды ақшамен алдырып тастадым деп мақтанып жүр жұртқа. Облпрократурадан Қожанов мырза неге архивке лактырып әлек?

Осыған дейін «Қамшыда» жарық көрген Жомарт Абдоллаұлының  материалын да істің мән-жайын анық түсіну үшін оқырман назарына ұсынамыз.

«Қызылорда полициясы мен прокуратурасы қылмыс әлемін қамқорлығына алған ба?

Осыдан үш жыл бұрын қызылордалық қарақолдардан қорлық көрген Нұрлан Тұрманов полицияға жасаған сансыз шағымынан нәтиже шықпай қынжылуда. Өзін күш қолдану арқылы қала сыртына алып кетіп, ұрып-соғып, 20 мың доллар ақша бопсаламақ болғандар әлі бостандықта жүргенін айтады ол. «2013 жылы күз айларының бірінде бір жаназада Қарағанды жақта тұратын құда балам Беркінбаев Айдос жолығып қалды. Әңгіме барысында өзінің мұнай өнімдерін заңсыз сатуды қолға алып жатқанын, Қарағандыда ірі бір бандиттермен байланыста екенін айтып, Қызылордада контрабандалық мұнай өнімдерін өткізетін жер тауып беруімді сұрады. Оған мен қазір заман басқа екенін, заңсыз әрекетпен алысқа бара алмайтынын ескертіп, мұндай істен аулақ болу керек деген ақылымды айттым. Сөз арасында сондай-ақ, ондай қылмыстық шаруаларды лақап аты «Аппақ Сабит» (Өмірзақов Сәбитбек) деген жігіттің реттейтінін естігенімді жеткіздім. Бәрі осыдан басталды», - деп бастады әңгімесін сегіз баланың әкесі Нұрлан Тұрманов. «Әлгі кездесуден көп уақыт өтпей Айдостын оң қолы Тілеухан қайта-қайта «звондап» кездесуім керек еді деп қоймағасын ойымда ештеңе жоқ бардым. Сол уақытта «Тойота-камри» автокөлігі кеп тоқтады. Қасыма Тілеухан отырып, арттағы машинада Беркінбаев Айдостың отырғанын сол кездесу үшін келгенін айтты. Арттағы машинаның есігін ашсам Айдос отыр екен. «Нұреке, отырыңыз шаруа бар, сөйлесейік» деп машина рөлінде отқан жігітке «Қаланы аралап жүре бер, мұнын артында «хвост» болуы мүмкін» деді. Айдос «Мен осы қаланы ұстап отқан «Аппақ Сәбитті» құртам» деді. Мен «Ондай шаруаға араласпаймын» дедім. Ол балалар кеп тұр соларды қайтару үшін маған он мың ақш доллары керек деді. Менде акша жоқ деп ем проблема боп тұр деді. Сосын менде жана Тойота Raw 4 автоколігі бар дегесін мен онда сенде шын проблема боп тұрса өзімнің Мерседес бенс140 автоколігімді берейін дедім. Ол орнына Raw 4 автокөлігін беріп жіберетін болды. Содан түнде тағы бір кездесуге шақырды. Айдоспен бірге оның үй жағына барғанымда ол жақта «Аппақ Сәбиттің» өзі бірнеше баласымен тұр екен. Айдос оған «Өздерің білетін жаққа келе беріңдер» деді де, біз жүріп кеттік. Қала сыртына шыққанда машина тоқтап, екі жақтағы есік ашылды. Басыма ақ мата орап, белгісіз бір ғимаратқа апарып, соққының астына алды. Басымдағы қапты шешкенде алдымда 40 шақты жігітпен «Аппақ Сәбит» тұрды», - дейді ол. «Көзімді байлап қойды, іш киімімді ғана қалдырып шешіндірді де бір ғимаратқа кіргізді. Кіргеннен бастап соққының астына алды. Тырнағымның астына, шабыма дейін біз тықты. Әр соққының арасында менің криминалды мұнай саудасына көмектеспегенім үшін айыпты екенімді, сол үшін анамның айналысып отырған шаштаразы мен шағын дүкенін соларға беру керектігімізді айтты. Мен бас тарттым. Сол кезде жігіттер мені көтеріп алып, бетон еденге бар күштерімен санап тұрып 10 рет лақтырды. «Басқаларды екі-үш лақтырсақ есінен танып қалады, мынау есінен танар емес» деп айуандықпен қинады», - дейді жәбір көрген азамат. Н. Тұрмановтың айтуынша, қарақшылар денесінде қатты жарақат қалдырмау үшін кеудесіне, ішіне тақтай қойып, оның үстінен ағаш таяқпен ұрғылаған. Осылайша түнімен тепкінің астына алған. Айтқандарына көнбеген оны Сырдарияға апарып, суға ағызып жібермекке оқталады. Осы кезде Н. Тұрманов соңғы күшін жинап, Айдосқа үйіндегілерге кетерінде «Айдосқа барамын» деп кеткенін, өзін өлтірсе, бәрібір Айдостың әшкере болатынын айтады. Қарақшылар Н. Тұрмановқа «Аман қалғың келсе бізге «общакқа» 20 мың доллар ақша қосасың, заңсыз мұнай сатумен айналысасың» деген талап қояды. Бұл іске алдын ала дайындалғандары соншалық, оған қай баласы қай мектепте, нешінші сынып оқитынын, мектепке қай жолмен барып, қай жолмен қайтатынына дейін айтып береді. Айтқандарына көнбесе, балаларын көз алдында өлтіреміз деп қорқытқан. Осылайша, ол қарақшыларға банктен 20 миллион теңге алып беретін, несиені өзі жабатын болып шығады. Қансыраған Нұрланды қарақшылар таңға жуық есігінің алдына әкеп тастайды. «Олар мені үйге әкеп тастағанымен жай қоймады. Күндіз-түні үйімнің алдына қарауыл қойып, аңдумен болды. Кез-келген сәтте үйге кіріп келіп, қарулы жігіттер «Қай балаңнан бастап өлтірейік» деп қорқытатын болды. Сөйтіп, үйден де шыға алмай бір жарым айдан соң жасырынып шығып, дәрігерге бардым», - дейді ол. Сот-медициналық сараптама Н. Тұрмановқа денесінің әр бөлігіне 37 рет біз қадалғанын, үш қабырғасының сынып, екі бел омыртқасы сынып қисайғанын анықтайды. Сараптамадан соң ол қарақшылардың үстінен арыз жазу да Н. Тұрмановқа оңайға соқпайды. Үйін торуылдаған «Аппақ Сабиттің» адамдары оны аттап басқызбайды. «Банкте барлық құжат дайын, бізбен барып, қол қойып, 20 миллион алып бер де, жайыңа жүре бер» деп кідіңдегенін айтады Н. Тұрманов. «Бір жылға жуық уақыт өткенде бір күні «УБОП-тағылар» шақырып жатыр дегесін бардым», - деген ол осы жерде қорлыққа толы тағы бір кезең басталады. Қарақшылар тәнін қорлап, өзінің ғана емес, отбасының басына қауіп төндірсе, полиция қызметкерлерінің салғырттығы мен қылмыскерлерге тиісті шара қолданбауы жанын азаптап, үрей құшағында күн кешуге мәжбүрлейді. «Полицияда кезекші мені Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (УБОП) бастығы Ермек Искаковқа алып барды. Болған оқиғаны тегіс айтып, арыз жаздым. Е. Искаков мені жәбірлегендердің басқа да қылмыстары барын, жақында қолға түсіретінін айтып, шығарып салды. Кешке... Үйге «Аппак Сабиттің» өзі келіп, менің полицияға жазған арызымдағы сөздерді өзіме қайталап айтып берді», - дейді Н. Тұрманов. Қылмыстық топ серкесі тіпті, полиция бастықтарының біразы өз адамдары екенін, сондықтан, ештеңеден қам жемейтінін айтып мақтанған. «Менің арызымды полицияда екі-ақ адам білетін. Соның біреуі бәрін Сәбитке жеткізіп барған», - деп ашынады Н. Тұрманов. Бірақ, Нұрланның арызы бойынша «Бұзақылық» бабымен (!!!) қылмыстық іс қозғалған. Кейін көп ұзамай әлгі іс жабылып қалған. «Е. Искаков басында бәрін жабамыз, қаматамыз дегенмен, кейін сөзщінен тайқып, «Бұлар саған тиіспейді, денсаулығыңды қалпына келтіруге көмектеседі. Істі қысқартайық» деп шықты. Менің олардың кінәсін дәлелдеуге деген талпыныстарымның бәрі жауапсыз қалды», - дейді жәбірленуші. Н. Тұрманов Астанаға бірнеше шағым жазып, Бас прокурордың тапсырмасымен іс қайта қаралу керек болған. Сол кездегі Бас прокурор А. Дауылбаев өзінің аға көмекшісі Р. Бөлекбаеваға тергеу барысын бақылауға алуды тапсырған. Бас прокуратура облыстық, ол қалалық прокуратураға іста тексеру туралы хат жолдайды. Облыстық прокуратураның 2-басқармасы бастығы Е. Қожанов қала прокурорына тапсырма бергенін айтып, Н. Тұрмановты сендіреді. Облыстық прокуратура Н. Тұрмановқа жазған жауабында «Бұзақылық» бабымен қозғалған істің тоқтатылуы асығыстық болғанын, тергеудің қайта басталғанын, тергеушілерге бірқатар нақты тапсырмалар берілгенін, процессуалдық тәртіп бұзушылықтар үшін Қызылорда қаласы ІІБ-нің тергеушісі А. Омаровқа, істі тиісті бақылауға алмғаны үшін тергеу бөлімінің бастығы Қ. Әуезхановқа және оның орынбасары Б. Қопановқа тәртіптік өндіріс ашқаны, істің ары қарайғы тергелуін қала прокуроры жеке бақылауына алғаны айтылған. Н. Тұрмановтың шағымына ІІМ-нің орталық аппараты да назар аударып, Ішкі қауіпсіздік департаменті (ДСБ) бастығы қызылордадағы бағыныштыларына барлық жағдайды жан-жақты, объективті тексеруді тапсырады. Жәбірленушіні осыдан кейін облыстық Ішкі қауіпсіздік басқармасына (УСБ) шақырып, жауап алады. Н. Тұрманов іс бойынша Искаковқа барлық жайды айтқанын жеткізеді. Ал, ІҚБ (УСБ) қызметкерлері қалалық ІІБ-ден істі сұратқандарын, онда қылмыстық істің табылмағандығын айтқан... «Мен сол кезде ол істің ашылғанына да күмәндана бастадым. Егер шынымен сондай болса мен «Аппақ Сәбиттің» құдыретіне еш күмәнім қалмайды», - дейді амалы таусылған жәбірленуші. «Соған қарамастан былтыр тамыз айының соңына таман істе біраз алға жылжу болды. «Бопсалау» бабы бойынша іс қайта қозғалып, онымен «УСБ» қызметкерлері айналыса бастады. ІІМ тапсырмасы бойынша Қызылорда облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы бастығы Ерлан Есахаев тексеруді бастап, бірқатар погонды қылмыскерлердің де ізіне түсе бастады. Мен істің бұлайша алға басатынына үміттенбеген де едім. Әділдік іздеп қаншама табалдырықты тоздырдым. Аз ғана уақыттан соң жәбір көрсеткендер жазаланып, мен өзімнің және отбасымның өміріне төнген қауіптен арылатындай болдым. Амал не, қылмыскерлер де қарап отырмапты, полиция басшылығы істі тергеуге алған Есахаевты лауазымынан алып тастады. Бұл жерде мен жергілікті мафия полициядан да пәрменді екеніне тағы көз жеткіздім. Сәбит маған бірнеше рет прокуратура мен полицияда қаншама іс тындыратынын, тіпті, кадрлық мәселелерді де шеше алатынын айтқан еді», - дейді Н. Тұрманов. Осылайша, әр күні үрей құшағында өтіп жатқан Н. Тұрманов заң орындарының дәрменсіздігіне налиды. Басынан өткен жағдай мен полицияның немқұрайлығы туралы бірнеше республикалық ақпарат құралдары («Время» газеті, NUR.kz порталы, «Время» газеті) жазса да, істің оңалар түрі жоқ. Өзін жәбірлегендер әлі бостандықта жүр. «Қалалық прокуратура 10 тамызда жолдаған хатында «арызда айтылған жағдайлардың дәлелденбеуіне байланысты қылмыстық істің тоқтатылғанын» айтып отыр. Бұл – күлкілі жағдай. Мені жәбірлегендердің ішкі істер, прокуратура органдарында қолдаушылары бар, туыстары қызмет етеді. Солардың қамқорлығында болған соң олар осылай еркінсиді» дейді Н. Тұрманов. Н. Тұрмановтың айтуынша, Астанаға дейін шағымданып, ақпарат құралдарына жариялағаннан соң «Аппақ Сәбиттің» адамдары қоқан-лоққы көрсетуін қойған. «Алайда, бұл адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіріп, ірі көлемде ақша бопсаламақ болғандардың қылығын ақтауға негіз бола ала ма?», - дейді Нұрлан».

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір