• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:52:46
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2018 NEWS

Қызылорда облысында «Алла» және «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туды (фото)

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында бір бүйірінде «Алла» және «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы өмірге келді

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында бір бүйірінде «Алла» және «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы өмірге келді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі qazaly.kz сайтының дерегін негізге ала отырып.

«Қазалы қаласында тұратын Азамат Нұрмахановтың шаңырағында бір бүйірінде «Алла», бір бүйірінде «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туылыпты. Бүгін бұл кереметті өз көзіммен көріп, суретке түсіп қайттым», – деп жазады ол.

Ғажап қозы

«Кешқұрым мал өрістен қайтқан соң қораға кірсем, буаз аналық қой толғатып жүр екен. Бұл қалыпты жағдай болған соң, еш алаңдамастан үйге кіріп кеттім. Таңға жуық қораға келсем, мал төлдеп, қозы туыпты», – дейді Азамат Еділұлы.

Ғажап қозы

Жаңа туған қозының денесіндегі ақ белгіні байқаған ол таңғажайып жазуды бірден Қазалы қаласындағы «Жиеналы Ахун» мешітінің имамы Болатбек Наурызбековке көрсеткен. Имам қозының үстіндегі «Алла және Мұхаммед» деген жазуларды оқыпты.

«Бұл жағдай Алла тағаланың бір, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хақ, Құран кәрімнің шын екенін айғақтайды. Бір бүйірінде “ «Алла», екінші бүйірінде «Мұхаммед»  деген жазуы бар қозының Қызылорда облысында алғаш рет қасиетті Қазалы жерінде тууы кездейсоқтық емес. Бұл топырақ киелі жер. Уақытысында бұл жерде жүз мешіт болған», – дейді Түктібаев ауылындағы «Орынбет ишан» мешітінің бас имамы Ғабдулла Ізат.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір