• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:36:32
Алматы
+35°

03 Қазан, 2017 Әдебиет

«Қызыл шақа шындық» дегеніміз не?

Адам баласы - өмірбойы бірдеңеге асығумен жүреді. Не нәрсеге, қандай жағдайға да асығумен келеді. Турасын айтқанда, неге болса да «жетсем» деумен болады.

Адам баласы - өмірбойы бірдеңеге асығумен жүреді. Не нәрсеге, қандай жағдайға да асығумен келеді. Турасын айтқанда, неге болса да «жетсем» деумен болады.

Бала - ана құрсағында жатып, «жарық дүниеге шықсам» деп тыпыршумен болады. «Іңгәлап!» жарық дүниеге келеді. Ол біртіндеп еңбектей бастайды, қаз-қаз басып, өз аяғынан тұрады. Жүруге, жүгіруге асығады. Өзі дүниеге келген ортаға байланысты алдындағы ересектерге ұқсағысы келеді. Есі кіргенше, жақсыға да, жаманға да әуес әрі құмар келеді.

Қазіргі заманға сай, ол алдындағы өзі сияқты  қатарластарын, балаларды көріп, «солар сияқты болсам, мен де сол жаққа барсам» дейді. Барады. Мәселен, ол ел қатарлы мектеп те бітіреді, ел қатарлы таңдаған мамандығына оқуға да түседі немесе оқымай қалады. Жігіт болады, бір қызға көңілі ауып, ғашықтық дертін бастан кешеді. Үйленеді. Ал, үйленген пенде сосын «балам болса»-дейді. Бала да сүйеді. Енді ол «немере сүйсем» деумен елегізеді. Немере де көреді. Немереден кейін «шөбере көрсем» дейді. Өстіп, Өмір жалғаса береді...

Осылайша уақыт өтіп жатады. Алуан жұмыстың бірін таңдайды. Ел қатарлы еңбек етеді немесе еңбек етпейді, араматамақ болады. Ал еңбек еткен - өседі, байыйды, араматамағы – өз деңгейі мен дәрежесінде тіршілік етеді.

Жас та біразға таяйды.Ол болса, «әлі де өмір сүре берсем» деумен келеді.

Ақыры бір күні дәмі таусылып, бұ дүниемен хоштасады...

Бабалар ізімен «келместің керуеніне» ілесіп кете барады. Міне, осылайша бір пенденің ғұмыры өтеді. Томпайып, қалың бейіттің ішінде жатады. Соңында ұрпағы, ағайын-туысы болса, солар келіп, мұсылманы - құранын оқытып, кәпірі - кәпірше мәзіреттерін жасап тұрады. Болмаса, оған да өкпе жоқ. «Жоққа- жүйрік жетпейді». Өлгендер - өкпелемейді. Сен жоқсың, осымен бәрі де бітті!

Егер бұл өмірде ұлтыңа еңбегің сіңген өнерлі немесе танымал аса дарынды тұлға болсаң, артыңда қалған ұрпақ әртүрлі игі шаралар арқылы сені әспеттеп, естеріне алып жату да мүмкін. Керісінше болуы да ғажап емес.

Өлген адам солардың жақсысын да, жаманын да білмейді. Ол шаралар - өлгендер үшін емес, тірілер үшін жасалады. Егер ондайлардың қатарына жатпасаң, өлдің, сонымен ұмыт боласың.

Жоқсың!..

Жалғыз Қазақ қана емес, жер бетіндегі барша адам баласының басынан кешетіні, міне, осыған ұқсас болса керек. Әлгі атам Қазақтың: «Өлдің Мамай, қор болдың» дегенінің кебін киесің. «Өзекті жанға бір өлім» деп біздің қазақ баяғыда-ақ осылай деп айтып кеткен. Оны ешқандай пенде жоққа шығара алмайды. Адам, адамнан артық та емес, кем де емес. «Артықпын» немесе «кеммін» дейтіндер - тұқымынан азғандар.Сорлы пенде Тағдырдың басқа салғанын көреді, не салса да соған көнеді. Көнбеуге оның күші де, шарасы да жоқ еді...

Жоғарыдағы қатардағы қарапайым пенделерге тән Шындық болса, ал, патша, хан, президент, т.б.  билеушілердің де бара жері – біреу. Оның ана шексіз байлығы мен шексіз билігі де ешқашан да оның қу жанын алып қала алмайды!Оның да барар жері - бауыры суық қара Жер, суық көр ғана!

Оның ана көзі тірісінде туған халқын шырылдатып тонап алған байлығы онымен бірге қара жердің қойнына  бармайды. Оны ол пенде өзімен бірге әкете де алмайды. Көз құрты болған ол байлық пен билік – сорлы пенденің артында қала береді, өлер алдында оның көз алдында қырдың қызыл түлкісіндей бұлаң-бұлаң қағып...

Тау-тау алтының да, қолыңдағы шексіз билігің де, астыңдағы алтын тағың да, айналаңды қоршаған қалың жағымпаз қолпаштаушыларың да, жақсы не жаман мінезің де, барлық ұрлаған-жырлағандарың да - бір ғана сәтте ғайып болады, көзіңнен бұлбұл ұшады жоқ болып!..

Міне, адам баласының ғұмыры дегеніміз - артық, кемі жоқ, осы ғана!

Қандай данышпан болсаң да, ғұлама болсаң да, бай болсаң да, кедей болсаң

да, хан болсаң да, қара болсаң да, бұдан асырып ештеңе істей алмайсың!

Шындық осы!

Өмір де, өлім де - Шындық!

Шындық та  сол пендесі сияқты-

Жалғыз!

Қазақ: «бірге тумақ болғанмен, бірге өлмек жоқ» деп, кесіп айтқан. Менің  

бұған алып, қосарым жоқ. Келіспесем де келісемін. Өмірдің қатал Заңы осы.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне» келетін болсақ, «Қызыл шақа Шындық» дегеніміз осы ғана болса керек!.. 

Жұмаш Кенебай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір