• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:42:41
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2016 Әлеумет

Қыз өссе – елдің көркі

Алматы университетінде 28 сәуір күні «Университет аруы-2016» байқауы болып өтті. Сұлу да сымбатты,  ақылына көркі сай, білімді де өнерлі аруды...

Алматы университетінде 28 сәуір күні «Университет аруы-2016» байқауы болып өтті. Сұлу да сымбатты,  ақылына көркі сай, білімді де өнерлі аруды анықтайтын байқауға қатаң іріктеуден өткен 8 студент қатысты,-деп хабарлайды Qamshy.kz.

Сайыста сұлулар 7 номинация бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда: сәлемдесу, мәнерлеп өлең оқу, викториналық сұрақтар, ұлттық тағам, өз өнерін көрсету, кейіпкер бейнесін бейнелеу, сән үлгісі.

Сұлулар сайысына қазылар алқасынан университет ректоры Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы, тәрбие ісі жөніндегі проректор Аманғалиева Сымбат Тлегенқызы, университет прфессоры Әділбекова Хадиша Кондратқызы, кітапхана меңгерушісі Сұлушаш Әдиқызы және аға оқытушы Найманбай Алмас Әбдіманапұлы төрелік етті.

Алдыңғы номинацияларға қарағанда көрікті қыздар өз өнерлерін көрсетуде бірінен-бірі асып түсті. Бірі, «Тұмар ханшайымның» образында шықса, енді бірі «Мүгедек қыздың» арманы жайлы көрініс қойды. «Жетім қыздың» монологы оқылғанда көрермендердің көзіне жас үйірілді. Кеңес Одағының батыры, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың бейнесін сомдағанда рухтанбаған жан қалмады. "Ер Тарғын" жырындағы Ақжүністің бейнесін көргенде аруларымыздың бойынан батырлық пен нәзіктік қатар көрініс тапты. Жеті түрлі сайысты тамашалаған Алматы университетінің студенттері мен кеш қонақтары қазақ қыздарының өнерлеріне дән риза болды.

"Университет аруы" атану - кез-келген қыз баласының арманы. Сондықтан жеңімпазды анықтау қазылар алқасына оңай болған жоқ. Сонымен, Алматы университетінің "Университет аруы-2016" байқауының жеңімпазы, яғни бас жүлдені сайыстың басынан аяғына дейін белсенді қатысқан «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Назгүл Тайшыбекова жеңіп алды. І орынды да «Дене шынықтыру және спорт»  мамандығының 1 курс студенті Жансұлу Әділбекова иеленді. Ал, ІІ орын «Информатика» мамандығының 1 курс студенті Айдана Калимбаеваға бұйырды. ІІІ орынды екі бірдей студент - Арай Райымбердиева «Педагогика және психология» мамандығынан және «Шет тілі» мамандығынан Диана Ермекова лайық деп танылды. Байқауға қатысушы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Диана Азаматова "Сүйкімді ару", «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті Айдана Молдашева "Білімді ару", «Биология» мамандығының намысын қорғаған Назгүл Жусанбай «Өнерлі ару» номинацияларын иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтау рәсімінде Алматы университетінің ректоры Сәбит Шілдебай «Университет аруы-2016» байқауына қатысушы қыздардың барлығына оқу ақысын төлеуге он пайыз жеңілдік берсе, бас аруға жиырма пайыз жеңілдік жасап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Университет аруы» байқауын ұйымдастырушы «Іс – тәжірбие және жұмысқа орналастыру» бөлімінің бастығы, университет профессоры Хадиша Әділбекова бұл сайыстың биыл университетте дәстүрлі 12 – рет өтіліп отырғандығын айта отырып, сайысқа қатысушы қыздарды жеңістерімен құттықтады. Тәрбие ісі жөніндегі проректор Аманғалиева Сымбат Тлегенқызы Хадиша апайға ризашылығын білдіріп, деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

Студенттік шақтың ұмытылмас кезеңдерінің бірі - жатақханадағы қызықтар мен университет ішінде өтілетін конкурстар екені даусыз. «Университет аруы» байқауы сол ұмытылмас студенттік шақтың бір көрінісі. Жыл сайын өтсе де өз маңызын жоғалтпайтын іс-шара екеніне биыл да көз жеткіздік. Тәрбиесі мен тәлімі бар, халқымыздың салт – дәстүрін дәріптейтін «Университет аруы» сайысын ұйымдастырушы Әділбекова Хадиша апайымызға айтар алғысымыз шексіз.

Алмас Найманбаев,

Университет аға оқытушысы, ф.ғ.м.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір