• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:51:37
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 Әлеумет

Қытайлықтар Димаш Құдайберген жайлы кино түсірмек

Қытайлық кино студиялар бірлескен жоба аясында жұмыс істейтін серіктестерді іздейді.

Қытай кинокомпаниясы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы шығармашылық және ғылыми форум жиынында Қазақ өнер ұлттық университетінің ректоры Айман Мұсақожаева хабарлады.

«Біз биыл «Еуразия» кинофестиваліне келетін BJ Brothers компаниясымен бірлесіп жұмыс істейміз. Компания Қазақстанның танымал әншісі Димаш Құдайберген жайлы фильм түсіруді жоспарлап отыр. Димаш жайлы фильм түсіру идеясын Канн фестивалі барысында фестиваль басшысымен ақылдасқан едік», - деді Мұсақожаева.

Фильмнің концепциясы, жанры, сюжеті әзірге белгісіз. Ректордың айтуынша, Димаш Құдайберген биыл өнер университетінің дипломын алып, елордадағы бітіру кешіне барады. Ал әншінің туған жеріне отандастардан бөлек шетелдік жанкүйерлер жиналмақ екен.

Қазақстанның халық әртісі Қытайдағы кино студиялардың бірлескен жоба аясында жұмыс істейтін серіктестерді іздеп жүргенін де хабарлады.

Астананың 20 жылдығына орай  «Еуразия» XIV халықаралық кинофестивалі 1-7 шілде аралығында өтпек. Фестивальға француз актері Венсана Кассель, «Айка» фильмінде басты рөлді сомдаған Самал Еслямова, Словакия және Сербия кинорежиссері Эмир Кустурица қатысады деп жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір