• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:47:56
Алматы
+35°

15 Тамыз, 2017 NEWS

Қытайлық студенттер қазақтар туралы мультфильм түсірді

«Аққұс» мультфильмін Қытай коммуникация университетінің түлектері дипломдық жұмыстарына түсірген.

Қытайлық студенттер «Аққұс» атты қазақша мультфильм түсірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
«Аққұс» мультфильмін Қытай коммуникация университетінің түлектері дипломдық жұмыстарына түсірген. Фильмнің сценарийін Го Зыхао есімді Қытай студенті жазып, оны төрт курстасымен бірге түсірген. Ал мультипликациялық фильмді қазақ тіліне аудару және кейіпкерлерді дыбыстау мәселесінде студенттер Шыңжаңның қазақтар мекендеп отырған Алтай қаласы телеканалының көмегіне жүгінген.

Го Зыхаоның айтуынша, ұлты қытай болғанына қарамастан, Бейжің қаласына келген осы уақытта туған жері Алтайдың терең тарихы мен қазақтардың тұрмыс-тіршілігі өзінің өміріне ұшан-теңіз өзгеріс алып келген.

Ол Аққұс арқылы қазіргі кездегі Қытайдағы қазақ жастарының жан-дүниесін көрсетуге тырысқан. Мультфильм 14 минутқа созылады. Онда Аққұс атты қыз қалада өсіп, тағдырдың жазуымен кішкентайынан анасы мен әкесінің аялы алақанын бірдей сезінбеген қазақ қызының анасы дүниеден озғаннан кейін, жайлауға келіп, бала кезінен бірге тұрмаған әкесімен қарым-қатынас орнатуы баяндалады. Жайлаудағы өмір мен ондағы кейіпкерлер арқылы қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіледі.  «Аққұс» Tencent видео порталына 20 маусым күні жүктеліп, ол осы уақытқа дейін 2 миллионнан астам рет қаралды.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір