• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:42:01
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Қытайға қарызын қайтара алмағандар жерін беріп жатыр...

Қытайдан несие алған үштікте Венесуэла көш бастап тұр. Қытай бұл елге шамамен 50 млрд АҚШ долларын беріпті

“Ақшасы жоқ мемлекеттер қол созып Қытайдан несие сұрайды” Бұл #sina.cn порталында жарияланған мақалада айтылады. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, Қытайдан несие алған үштікте Венесуэла көш бастап тұр. Қытай бұл елге шамамен 50 млрд АҚШ долларын беріпті. Оның көп бөлігін олар қара алтынмен қайтарғанымен, $19.3 млрд қарыз әлі мойындарында тұр. Ауылшаруашылық өндірісіне жұмсау мақсатымен $52.8 миллиардты Африка алыпты. Қытаймен “жақсы” қарым-қатынастағы Пәкістан жиі қол созып, көмек сұрайтындардың үштігінде тұр. Өткен жылы аталған елге $1 млрд несие берілген.

“Қытайдан несие алғысы келетіндер бір шартты ұмытпауы тиіс. Ол – алған қаржының белгілі бір бөлігіне Қытайдың тауарын сатып алуы немесе қызмет түрін (құрылыс, байланыс, спутниктік және теміржол құрылғылары, т.б.) пайдалануы қажет” екендігі баса айтылған.

Қытай несие беруді 1995 жылдан бастапты. “Жеңілдетілген несиелер негізі 20 жыл мерзімге беріледі. Қазір алғаш несие алған елдер үшін қарызын жабу кезеңі басталды. Алайда, алған қарызын өтеу көрсеткіші өте төмен” делінген newsabeta.blogspot.com сайтында жарияланған мақалада. Онда, батыстың бірқатар аналитикалық орталықтарының көптеген елдің Қытайдың “қарыз қақпанына” түскендіктерін, әлі де болса Қытайдың құрығына түсіп қалмау туралы басқаларға кеңес беретіні де жазылған. Қытайға белшесінен қарызға батқан Пәкістан мен Шри-Ланканы мысал ретінде алып, Гарвард университетінің аналитикалық зерттеу орталығы Қытайдың “қарыз дипломатиясы” әлсіз мемлекеттерге саяси мүмкіндік алу үшін стратегиялық мақсатта жасалған деп жазады. Естеріңізде болса, 2017 жылы 10 жылға алған $8 млрд қарызын уақытында өтей алмағаны үшін Шри-Ланка өзінің Хамбантоте портын Қытайға 85%-дық табыс үлесімен 99 жылға жалға беруге мәжбүр болған еді. Баяндамада, Хамбантоте порты енді Қытайдын әскери-теңіз базасына айналуы мүмкін екендігі айтылады.

Жуырда Қазақстанның Қытай алдындағы кепілді қарызы $1.2 миллиардқа жеткені ресми түрде хабарланды. Ата-бабадан қалған Қазақстанның жер байлығына сұқтана қарап отырған алпауыт елдердің “саяси тепкісіне” қалай төтеп берер екенбіз?! Батыс елдері біз сияқты дамушы елдерге Қытайдан қарыз алудан сақтану керек екендігін ескертіп жатыр. Қытайдан несие алу бізге қаншалықты тиімді?!

Ертай Нүсіпжановтың Facebook парақшасынан алынды

Ұсынған: Назерке Лабихан

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір