• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:02:38
Алматы
+35°

23 Ақпан, 2019 NEWS

Қытайдың қолдан жасалған пластик жұмыртқасының шындығы әшкереленді (видео)

Бұған дейін қытайлық пластикалық жұмыртқа Қазақстанға да жеткені жайлы видео тараған болатын

Қырғызстандық құс фабрикасы директорының айтуынша, тауық жұмыртқасын қолдан жасау мүмкін емес.

"Ыстықкөл құс фабрикасы" ЖШС директоры Сталбек Мәмбеталиев Мемлекеттік ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік инспекциясының мамандарына "резеңке" жұмыртқалар қалай пайда болатынын көрсетті, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасап. 

"Қатты тоңазытылған жұмыртқалар пісіргеннен кейін осылай без секілді болып қалады. Тауық жұмыртқасын қолдан жасау мүмкін емес", - деді құс фабрикасының директоры.

Мәмбеталиев мамандардың көз алдында бірнеше жұмыртқаны пісіріп, аршып көрсетті, олардың арасында бұрын мұздатқышқа қойылғандары да болды. Осылайша ол қытайлық жасанды жұмыртқа туралы мәлімдеген Ош тұрғынының сөзін жоққа шығарып отыр.

Бұған дейін қытайлық пластикалық жұмыртқа Қазақстанға да жеткені жайлы видео тараған болатын.

"Олар үстелде "ванка-встанки" секілді билейді. Арнайы жарып көрдік, іші толған гель. Жұмыртқаға мөр басылған. Қайнатқан кезде ағарады. Сатып алғанда сақ болыңыздар", - дейді кадр сыртындағы адам.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Усть Каменогорск

Публикация от Общественное Объединение ОСА (@oo_osa_semey_vko)

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір