• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:07:25
+35°

10 Тамыз, 2017 Фото-баян

Қытайдағы зілзаланың салдары (фото)

Қытайдағы Сычуань провинциясында 8 тамыз күні кешкі уақытта күшті жер сілкінісі болған.

Қытайдағы Сычуань провинциясында 8 тамыз күні кешкі уақытта күшті жер сілкінісі болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Деректерге сүйенсек, 8 баллдық жер сілкінісі жергілікті уақытпен 21:19-да Сычуань провинциясындағы Нгава-Тибет-Цянь автономиялық ауданының Цзючжайгоу уезінде болды.

Сейсмологтар жер сілкінісінен кейін 770-ке жуық жер асты дүмпулерін анықтады.

Апат салдарынан 19 адам қаза тауып, 250 тұрғын жарақаттанды.

Қытайдың орталық телевидениесінің хабарлауынша, дәрігерлер 40-қа жуық адамның жағдайы ауыр екенін жеткізді.

Зардап шеккен адамдардың қатарында Франция мен Канада азаматтарының бар екені анықталды. Екі шетелдік азамат жергілікті ауруханаға жеткізілген.

Жер асты дүмпулері 4 баллдық жүйеде Қазақстанда да сезілді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір