• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:54:03
Алматы
+35°

18 Шілде, 2018 Әлем

Қытайдағы Чунцин қаласын су басты (видео)

Тек Чунцин қаласында емес, Ганьсу және Сычуань провинцияларын да су алған екен.

Қытайлық Чунцин қаласында қатты жауған жаңбырдың салдарынан су деңгейі көтеріліп, қаланы су басты. Соның салдарынан бірнеше тұрғын баспанасыз қалды. Қала билігі жүздеген адамның эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Жергілікті агенттіктердің берген ақпаратына сәйкес, Янцзы және Цзялинцзян өзендеріндегі су деңгейі көтерілген. Табиғат апаты қала ғимараттарын қиратып, шаруашылық қызметке айтарлықтай зиянын тигізді.  Янцзы өзенінде су деңгейі 5,92 метрге көтерлген.

Тек Чунцин қаласында емес, Ганьсу және Сычуань провинцияларын да су алған екен. Қазіргі уақытта 10 мыңға жуық адам Сычуань провинциясының астанасы Чэнду әуежайынан шыға алмай отыр.

 

Табиғаттың мұндай құбылысы соңғы рет 2012 жылы болған көрінеді. Содан бері алғаш рет болып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір