• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:30:52
Алматы
+35°

23 Наурыз, 2019 NEWS

Қытайда жарылыс болып, 44 адам қаза тапты

Зардап шеккендердің нақты саны әлі анықталмады.

Қытайда химиялық зауытта жарылыс болып, төрт мың адам эвакуацияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tass.ru сайтына сілтеме жасай отырып. 

21 наурыз күні Қытайдың шығысындағы Янчен қаласында химиялық зауытта жарылыс болып,  44 адам қаза тапты және 90 адам жарақат алған. Бұл туралы қала әкімі Цао Лубао баспасөз конференциясы кезінде мәлімдеді.

"32 адам зардап шекті, ал 58 адам ауыр жарақат алды. Зардап шеккендердің нақты саны әлі анықталмады. Ал, жарылыстан зардап шеккендерді 16 ауруханаға жеткіздік"- дейді Цао Лубао

Апаттық-құтқару жұмыстарына және төтенше жағдайларға қарсы іс-шараларға 192 өрт сөндіру бригадасы, 930-дан астам әскери қызметші жұмылдырылды.

Жарылыс 21 наурыз күні түстен кейін Йанчжэнь химиялық индустриялық паркінде орналасқан Цзянсу Тяньцзя компаниясында болды. Жарылыстың  күшті болуың әсерінен елдегі сейсмологиялық бөлімде 3 жер сілкінісі тіркелді. Жарылыстан болған соққыдан 5 шақырымда орналасқан үйлердің терезелері сынған. 

«Цзянсу Тяньцзяи» компаниясы имия өнеркәсібі үшін шикізаттың бірнеше түрлерін өндірумен айналысады. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін жергілікті билік химиялық зауытты қоршаған ортаны қорғау ережелерін бұзғаны үшін кемінде алты рет айыппұл салған . Айыппұлдардың жалпы сомасы 1,29 миллион юань (шамамен 193 мың доллар) болған. 

Аударған: Фариза Жомартқызы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір