• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:10:26
Алматы
+35°

03 Маусым, 2018 Саясат

Қытайда ұсталған 90 жастағы этникалық қазақ елге қайтарылды

ҚР Елшілігі Қытайдың құқық қорғау органдарымен байланысқа шыққан. Нәтижесінде 90 жастағы этникалық қазақтың қос азаматтығы бар екендігі белгілі болған.

29 мамырда Бейжіңде ұсталған 90 жастағы этникалық қазақ елге қайтарылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жағдайдың мән-жайын ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов өзінің facebook парақшасында жариялаған. 

"2018 жылы 2 маусымда Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі мен Қытай Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасындағы уағдаластықтардың арқасында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында дүниеге келген 90 жастағы этникалық қазақ Қазақстанға қайта оралды", - делінген жазбада. 

ҚР Елшілігі Қытайдың құқық қорғау органдарымен байланысқа шыққан. Нәтижесінде 90 жастағы этникалық қазақтың қос азаматтығы бар екендігі белгілі болған.

"Қытайлық тарап пен Қазақстан Елшілігінің көмегі арқасында ұсталғандардың Қытай азаматтығынан айырылу туралы құжатты және оларды айыппұлсыз әрі уақытша ұстау изоляторына қамаусыз Қазақстанға депортациялау тез арада рәсімделді", - деп мәлімдеді СІМ баспасөз хатшысы. 

90 жастағы Райхан апа тарихи отанына оралған соң ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановқа ризашылық білдіріп видеоүндеу мен алғыс хат жолдаған. Хатта ол 2005 жылы Қазақстан азаматтығын алғанын, 13 жылдан бері қос азаматтықпен жүргенін айтады.

Қолында екі төлқұжаты болған Райхан апа заңды дұрыс білмей, Пекинде келеңсіз жағдайға ұшыраған. Қазақстанға оралған соң ұлы екеуі Қазақстан азаматтығын сақтап қалуды ұйғарыпты. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір