• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:46:42
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2017 Әлеумет

Қытайда телефонға тәуелділіктен арылту үшін жантүршігерлік жаза қолданады

Қытайда смартфон пайдаланушылардың санына Америка, Бразилия және Индонезияның халқын қоса есептесеңіз де жетпейді деп жазады

Қытайда смартфон пайдаланушылардың санына Америка, Бразилия және Индонезияның халқын қоса есептесеңіз де жетпейді деп жазады 24.kz.

Соңғы жылдары интернетке тәуелді адамдар саны көбейіп кеткен. Әсіресе киберкеңістіктегі жасөспірім құқығын қалай қорғауға болады. Қазір Қытай үкіметі осы мәселемен бас қатыруда.

Қарапайым қалтафонымыздың смартфонға айналып, тек байланыс емес, ақпарат, алу, кітап оқу, ойын-сауық, тіпті қаржылық операцияларды орындайтын құдіретті құрылғы болып шыға келді. Осылайша адамзат баласы смартфондарына шұқшиып, телефон алдында тәуелді болды. Қазір қайда барсаңыз да бастары салбыраған жұртты көресіз.

Телефонға телміріп, айналасын тегіс ұмытып кететіндер көп қазір. Мынау соның бір мысалы. Екі камаздың ортасында қалған қытайлық қыздың қайғылы өлімі – Гуандун провинциясында болған жағдай. Қазір Қытайда интернет қолданушылар саны 710 миллионнан асады. Оның 170 миллионы кәмелеттік жасқа толмаған. Бейжің билігі балалардың интернетке байланып қалу мәселесімен күресті ертерек бастады. 2008 жылы интернет тәуелділікті психикалық ауытқу ретінде танып, арнайы құжат та бекітті. Осылайша елде түрлі емдеу шараларын жүргізетін арнайы лагерьлер пайда болды. Оған негізінен шарасы қалмаған ата-аналар хабарласады. Мынау сондай түзеу орындарынан түсірілген деректі фильмнен үзінді.

Темірдей тәртіп пен қара жұмыс. Қытайда интернет құмарлықты осылай басады. Тіпті электрконвульсивтік терапия, төмен жиілік импульспен емдеу, яғни тоқпен соқтыру тәсілдерін қолданады. Жасөспірімдер мұндай сауықтырудан жандары қиналатынын айтып шағымданады. Бұл жайт жария болып, Қытай қоғамында үлкен резонанс тудырған еді. Бұл тәсілге денсаулық сақтау министрлігі 2009 жылы тыйым салғанымен, ол көп жағдайда ескерілмей келген. Жаңа заң бойынша интернетке тәуелді жастарды емдеуге арналған жерлерде тоқ соқтыру әдісіне мемлекеттік деңгейде тыйым салынбақ. Осы «виртуалды кеңістіктегі кәмілеттік жасқа толмағандар құқығын қорғау туралы» заң жобасына қатысты қоғам пікірін білу мерзімі ақпанның бесінде аяқталды.

Джан Юхунь, Бейжің психологиялық орталықтың меңгерушісі:

 - Бүгінде интернетке тәуелді балаларды емдейтін көптеген орталықтар жұмыс істей бастады. Бірақ, жасөспірімдерді ондай жерге беруге өз басым қарсымын. Ең бірінші, бала не үшін интернетке тәуелді болды деген сұраққа ересектер жауап беруі керек. Қазір жасөспірімдердің сабағы ауыр, ал басым көпшілігінің ата-анасы жұмысбасты. Баласына уақытын бөлмейді. Сондықтан интернет олардың бой сергітер сенімді серігіне айналды.

Номофобия – телефонсыз қалу қорқынышы. Бұл – соңғы бірнеше жылда пайда болған ХХІ ғасыр ауруы. «Смартфонды үйде ұмытып кетіп, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, төсекке телефонмен жатсаңыз, сізде номофобияның белгілері бар», - дейді психологтар. Шектен тыс смартфонды сипалау соңы қайғылы оқиғамен тынады. Жақында ғана екі аттам жерде бассейн суына тұншығып жатқан 4 жасар ұлын байқамай, смс жазған әйелдің әрекетін әлем ақпарат құралдары жарыса жазды.

Ли Жинминь, Бейжің қаласының тұрғыны:

 - Қазір көптеген жастар телефонға жабысып қалған. Виртуалды әлемде қалқып жүр. Жолда айналасына қарамайды. Телефоннан көз алмайды. Бұл өте қауіпті ғой. Қазір көптеген ата-аналар балаларына смартфон немесе айпад беру арқылы олардың бір сәт болса да тыныш отырғанын қалайды. Мәселе осыдан басталады. 

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қытайдың Чунцин қаласында қолынан телефоны түспейтіндер үшін арнайы тротуар ашылды. Өйткені алақандай экранға байланып, айналасын байқамайтындар көшеде түрлі жағдайға тап болып жатады. Қала билігі бұл мәселеге қоғам назарын осылай аударуға тырысты.

Авторлары: Н.Бекен, Ж,Сүй

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір