• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:22:40
Алматы
+35°

31 Шілде, 2018 NEWS

Қытайда мәйітті жерлеуге тыйым салып жатыр

Билік аталмыш шешімді қабылдағаннан кейін жерлеуге арналған заттарды шығаруға тыйым салынған.

Қытайдың Цзянси аймағында жерді үнемдеу үшін мәйіттерді өртеуді мықтап қолға алмақ. Қазір жергілікті тұрғындардың дайын табыттарын күштеп тартып алып жатыр, деп жазады South China Morning Post.

Аймақ билігі адам қалдықтарын жою үшін тек кремация әдісін пайдалануды енгізбек. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап кремацияны мықтап қолға алуды жоспарлап отыр.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, ауыл мен Ганьчжоу, Цзянь және Ичунь қалалық өңір тұрғындарынан жерлеуге арналған заттар тартып алынды. Жиналған ағаш табыттарды экскаватор жоқ қылған. Қариялар табыттарды сақтап қалу мақсатында оларға жатып алған, алайда ештеңеге қарамастан табыттарды тартып алған.

Билік аталмыш шешімді қабылдағаннан кейін жерлеуге арналған заттарды шығаруға тыйым салынған.

Қытайда жерлеуге қатысты мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Бұған дейін Шаньдун өлкесінде дәстүрлі жерлеу рәсімін өткізуге тыйым салынған. Жаңа заңға сәйкес, қайтыс болғандардың денесін өртеп, оның туыстары кремация жасағаны туралы сертификат көрсетіледі.

Қытайдың кейбір адамдары үшін адамды жер қойнына өткізу маңызды. Сондықтан кейбір Қытай азаматтары «адам денесін саудалайтындардан» денені сатып алып оны өртеп, сертификат алады да туыстарын жасырын жерге көмеді.

Сәуірде бес ер адам Шаньдун өлкесінде өліктерді ұрлап, саудалағаны үшін қамауға алынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір