• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:26:20
Алматы
+35°

07 Қазан, 2017 NEWS

Қытайда бойжеткен смартфонда үздіксіз ойын ойнаймын деп соқыр болып қалды

Қытайлық қыздың айтуынша, ол ойынға қатты беріліп кеткен, жұмыстан кейін және демалыс күндері үздіксіз ойнауды әдетке айналдырған екен

Қытайлық тұрғын смартфонда үздіксіз ойын ойнаймын деп бір көзі көрмей қалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Деректерге сәйкес, 21 жастағы бойжеткен күні бойы тоқтамай смартфонда ойын ойнаған, салдарынан көзі көрмей қалды. Дәрігерлер оған оң көзінің тамыры жарылып кеткен деген диагноз қойды.

Қытайлық қыздың айтуынша, ол ойынға қатты беріліп кеткен, жұмыстан кейін және демалыс күндері үздіксіз ойнауды әдетке айналдырған екен.

«Демалыс күндері мен, әдетте, таңғы сағат 6-да тұрып аламын да кешкі 4-ке дейін үздіксіз ойнайтынмын. Кейін тамақ ішіп алып, аздап ұйықтап аламын да, тұрғаннан соң түнге дейін тағы ойын ойнайтынмын. Смартфондағы ойынға байланғаным соншалық, кейде тіпті тамақ ішуді де ұмытып кететінмін», - дейді ол.

Дәрігерлердің айтуынша, көз ауырына қатысты мұндай диагноз негізінен егде жастағы адамдарда болады, ал жастарда көп кездесе бермейді. Ал қыздың соқыр болып қалуының себебі – көзіне көп ауырлық түскен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір