• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:34:18
Алматы
+35°

11 Маусым, 2018 Экономика

Қытай инвесторлары Қазақстан кәсіпорындарына қанша қаржы құяды?

Қазақстан-қытай ынтымақтастығының арқасында алюминий өндірісі де дамитын болады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қытай кәсіпкерлері инвестиция құятын басты жобалар мен кәсіпорындарды атады.

– Мен әрдайым бізге төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет екенін айтатынмын. Қазір біз қайта қүру жұмыстарын жүргіздік, бірақ 3-4 жылдан кейін жанар-жағармай материалдары қайтадан жіберілмейді. Сол себепті мұнай өңдеу зауыты қажет. Біз 50 пайызына қытайлық инвесторларды, қалған 50 пайызына өзімізді кіргіземіз деп келістік. Ол 2 млрд АҚШ долларын құрайды. Қазақстанға ондай инвестицияны кім құяды? Батыс Қазақстанда полиэтилен өндірісі туралы мәселе бар. Алғашында полипропилен, кейін полиэтилен, - газды химиялық комбинат деп аталады әрі бағасы құрылғы жағынан да, көлемі жағынан да қымбат. Тек осы жерде өзара түсіністікке қол жеткіздік, - деді Мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, Қазақстан-қытай ынтымақтастығының арқасында алюминий өндірісі де дамитын болады.

– Павлодар алюминий зауыты: біз тек глинозем саттық. Қазір осы компаниялардың арқасында 250 мың тонна металл алюминийін өндіріп отырмыз, тағы 200 мың тонна таза алюминий өндіріп жатырмыз. Глинозем мен байытылған алюминийден қарағанда оның бағасы басқа. Бұл объектілердің бәрі 800 млн доллар тұрады, - деді президент.

Бұған қоса Қазақстанда қытайлық инвесторлардың қаржысына тағы бір кәсіпорын ашылмақ.

– Алматы облысы, Сарыөзек пен Талдықорғанның ортасында «Көксай» мыс кен орны бар. Осы кен орындары негізінде Алматы облысында ірі тау-кен металлургиялық комбинаты пайда болады. Ақтоғай кенді комбинаты – концентрат өндіретін алып комбинат. Онда 40 млн тонна кен өңделеді. Оны дамыту үшін Павлодарда тағы бір зауыт салу туралы келістік. Ол бұрыннан бар, тек дамыту керек, - деді Елбасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір