• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:38:05
Алматы
+35°

14 Қараша, 2018 NEWS

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын ата-анасына хат жазды: Кішкентайларыңыз есейді...

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай төрт жылда алғаш рет ата-анасына хат жазды.

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай төрт жылда алғаш рет ата-анасына хат жазды. Хатта бойжеткен туғандарына деген сағынышын білдіріп, жағдайы жақсы екенін жазыпты. Хат мазмұны төмендегідей:

Қымбатты әкешім мен анашым!

Қалдарыңыз жақсы ма? Сіздерге төрт жылда алғаш рет хат жазып отырмын. Қатты сағындым! Сүйікті анашым, мен үшін алаңдамыз, сіз отбасымыздың тіреуісіз, сол үшін денсаулығыңызды күтуіңіз қажет! Менің денсаулығым өте жақсы, спортпен жиі айналысып тұрамын. Көп нәрсені үйрендім. Кішкентай ғана қызың есейді. Бұл жердің адамдары мүлдем бөлек, өзге мәдениет, білім берудің екі түрлі деңгейі. Сіздер жіберген суреттерді алдым. Бәрі өзгеріп кеткен секілді, сіңлім бой жетіп, інім ер жетіпті. Өтінемін, сабырмен күтіңіздер!

Мен қазір мықтымын, соңына дейін аяғымды нық басып тұра аламын, тек үміттеріңізді үзбеңіздер.

Мені қашан а қолдап жүретіндеріңізді білемін. Қолдауларыңыз үмітімнің үзілуіне жол бермейді.

Атам мен әжемнің бала күнімде ертегі оқып беретін сәттері есіме түсіп отыр. Әр туған күнім, тәттілер, бәліштер, мерекелік сыйлықтар, бәрі-бәрі есімде.

Сіздерге көп рақмет!

Ақжарқынның хаты

Хаттың қытай тілінен аударылған нұсқасын Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов берді.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір