• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:16:31
Алматы
+35°

28 Сәуір, 2017 NEWS

ҚЫТАЙ РАМАЗАН АЙЫ ЖАҚЫНДАҒАНДА МҰСЫЛМАНДАРҒА ҚЫСЫМДЫ КҮШЕЙТЕ БАСТАДЫ

Қытайдың Шыңжаң провинциясының билігі жаңа туған нәрестелерге діни мағына беретін

Қытайдың Шыңжаң провинциясының билігі жаңа туған нәрестелерге діни мағына беретін есімдер беруге тыйым салды. Ондаған есім қара тізімге енгізілген. Бұл туралы Қамшы ақпарат агенттігі бұған дейін де жазған. 

centralasian.org таратқан ақпаратқа сай, 25 сәуірде Азат Азия радиосы эфирінде сөйлеген Шыңжаң әкімшілігінің ресми өкілі осындай тыйым барын растаған. Оның айтуынша, Ислам, Құран, Мекке, Жихад, Имам, Саддам, Қажы және Медина есімдеріне Қытай билігіндегі Коммунистік партия тыйым салған. Үрімші полициясы өкілінің хабарлауынша, осындай есімі бар балалар мемлекеттік тіркеуден алып тасталынады. Тіркеуде жоқ бала білім беру және денсаулық мекемелеріне бара алмайды.

Мұндай ереже ислам дінін ұстанатын этникалық топтарға арналып шығарылған. Қытайда 10 миллион ұйғыр, 1,5 миллионнан астам қазақ, шамамен 150 мың қырғыз, бес мың татар, төрт мың тәжік және мыңға жуық дұнған тұрады.

Ұйғырлар ұзақ жылдар бойы Қытай үкіметінің қысымына шағымданып келеді. Билің басындағы Қытай Коммунистік партиясы тынышсыз аудандарды қатаң бақылауда ұстап отыр.

Еске сала кететін болсақ, осыдан дәл екі ай бұрын Қытай Ислам қоғамы(伊斯兰教协会) бұдан былай өнімдердің бірде-біріне халал стандартын бермеуге шешім шығарып, «мұсылманша» сертификация жұмысын тоқтататынын мәлімдеген еді.  

«Тиесілі органдардың халал азықтарды басқаруды күшейтуіне сай, «Халал(清真.Мұсылманша)» ұғымының жалпыланып кетуінің алдын алу мақсатында Қытай Ислам қоғамының зерттеп бекітуімен экспортқа шығатын құс пен мал етінен басқа тауар түрлеріне куәландыру берілмейді. Бұған дейін жасалған барлық куәландыру келісімдері мерзімі аяқтағаннан кейін келісім жасалмайтын болады», делінген 17 ақпан көрсетіліп мөр басылған мәлімдемеде. Оған сәйкес Қытай тек экспортқа шығатын белгілі бір өнімдерге ғана халал сертификатын береді.

Айта кетсек, соңғы үш жылда «Қытайдағы мұсылмандардың ораза ұстауына тыйым салынды» деген ақпарат жиі шыға бастады. Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағындағы ораза ұстау тыйымына қарсылық көрсету үшін тіпті бірқатар елде шеру ұйымдастырылды.

Венгрияның астанасы Будапешттегі Қытай консульдығы алдында жиналған азаматтық ұйымдары мұсылмандарға бағытталған қысымға наразылық көрсетті. Азаматтық ұйым атынан сөз сөйлеген Еуропалық түрік демократия одағы Венгрия өкілі Мехмет Инжеоғлұ Шығыс Түркістанда мұсылмандардың қаны төгілген кезде әлемнің саңырау және тілсіз түрде осы зұлматта тамашалағанына ашынған болатын.

Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағындағы ораза ұстау тыйымына Түркияның Анкара, Ыстамбұл және Измир сияқты қалаларында да қарсы шерулер өткен.

Сарапшылар биыл да жақындап ораза жақындап қалған кезде Қытай билігі мұсылмандарға қысымды күшейтіп, азаматтардың діни сенім бостандығына шек қойып отыр дейді. 

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір