• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:14:32
Алматы
+35°

06 Қараша, 2018

Қытай қазақстандықтардың көзімен

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Қазақстан халқы арасындағы өзара түсіністік пен достық дәстүрін нығайту.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытай

«Қытай қазақстандықтардың көзімен» арнайы көрмесі «Ғажайып Қытай» топтамасының 5-фотокөрмесі. Оны Қазақстандағы Қытай елшілігі ҚР Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырды. Шара Қытайда 40 жыл жүргізілген саяси реформа мен «Бір белдеу – бір жол» бастамасына 5 жыл толуына ұйымдастырылып отыр.

Қытай

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Қазақстан халқы арасындағы өзара түсіністік пен достық дәстүрін нығайту. Көрмеге ұсынылған барлық фотосуреттер Қазақстан аумағынан жиналды. Байқауға 100-ден астам адам қатысып, 700-ден артық жұмыс қабылданған еді. Солардың арасынан ең үздік 100 фотосурет таңдалып, аталған көрмеге қойылып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір