• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:24:39
+35°

18 Қазан, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Қытай Қазақстанды экономикалық тұрғыдан экспансиялауға мықтап кірісті

«Қазақ пен қытай халықтары арасындағы кәсіпкерлікті ұлғайту, достық аясында» деген үлкен лепірме сөздермен бүркемеленуде.

Соңғы уақытта «Қытай ықпалы» экономиканың майын ішіп, жілігін шағып жүрген әлемдік сарапшылардың да мазасын ала бастады. Қытай инвестициясы Орталық Азия елдерін (соның ішінде Қазақстанды да) одан әрі қарызға батырып, Қытайдың осы өңірдегі экономикалық ықпалын арттыруда. Мысалы, қарызға батырып Тәжікстан жерін иемденді. Назар аударыңыз, Қазақстанға салған қытай инвестициясы бүгінде 42,8 млрд. долларға жетіп, несие көлемі 50 млрд доллардан асып түсті. Ал бұрынғы қарыздан Қазақстан құтылды ма, құтылмады ма, ол жағы белгісіз. Енді міне бұрынғы алғаны аз болғандай Қытай Қазақстан жобасына тағы да 20 млрд доллар инвестиция құйып отыр. 
Бүгінде Қазақстанда қытай капиталының 50-ден 100 пайызға дейін үлесі бар 20-дан астам мұнай-газ компаниясы жұмыс істейді (одан да аз үлестері бар компаниялар жеткілікті). Қазақстандағы қытай инвестициясы тек жылу-энергетикалық саламен ғана шектеліп отырған жоқ. Сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі, сауда және қаржы секторында да Қытай инвестициясының салмағы ауырлап келе жатқаны байқалады. 
Соңғы кезде өңірлерде "Қытай банктері" ашылып, олар Қазақстандағы қытайдың барлық «ірі бизнес көздерін», «орта кәсіпкерлігін», «өндірісін» қаржыландыруды қолға ала бастады. Бұған ертең жұмысшылары тек қытайлықтардан тұратын 51 заводты және қосыңыз. Қытайдың өнідірісі ғана емес, адам саны еселеп өсіп жатыр. Байқасаңыздар Қазақстандағы қытай инвестициясы біртіндеп батыс инвестициясын ығыстырып бара жатыр. Соңғы жылдары Еуропа, АҚШ секілді мемлекеттерден келетін инвестиция жөнінде ештеңе айтылмайды. 
Бір сөзбен айтқанда, Қытай шикізатқа бай Қазақстанда жаңа отаршылдық саясатын күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге инвестиция мен технология есебінен өз өнеркәсібін тез арада техникалық тұрғыдан қайта жабдықтау мен күшейту арқылы да экономикалық тұрғыдан экспансиялауға мықтап кірісті. Қытай мемлекетінің арамза пиғылы мен саяси, әлеуеттік жоспары «қазақ пен қытай халықтары арасындағы кәсіпкерлікті ұлғайту, достық аясында» деген үлкен лепірме сөздермен бүркемеленуде. 

Н.Қошаманұлы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір