• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:17:29
Алматы
+35°

08 Тамыз, 2018 NEWS

Қытай мен Ресей моделі құрдымға апаратын жол

Конвергенция теориясы деп аталатын теория жүзеге асты дейді Ресейдің экономист- академигі Сергей Глазьев

Конвергенция теориясы деп аталатын теория жүзеге асты дейді Ресейдің экономист- академигі Сергей Глазьев. Питирим Сорокин айтып еді енді конвергенция жүзеге асып келеді дейді Глазьев. Социализм мен капитализм артықшылығын пайдаланып келетін Қытайды керемет мысал ретінде көрсетеді. Капитализмнің артықшылығы - нарыққа негізделген экономика, ал социализмнің "артықшылығы" - мемлекеттік сектор және стратегиялық жоспарлау мобилизациялық мүмкіндігі. Глазьевтің қателігі: нарықтық принципке қарсылығы. Социализм - социализм емес- коммунизм, міндетті түрде, яғни не тоталитаризм , не авторитаризм. Тоталитаризм мен авторитаризм мемлекеттік сектор және стратегиялық жоспарлау мобилизациялық мүмкіндігін ашады, бірақ бұл жүйелік темір құрсау және дамуға тыныс ашпайды, себебі жеке мүдделік инициативаға мұрша бермейді. Айтайын дегенім: Қытай мен Ресей моделі құрдымға апаратын жол. Қытай экономикасы коммунистік жүйедегі ресурстарды тауысты-12% бастап 6% жетті. Аталған 6% приписки арқылы жүзеге асырылып келеді. Қытайға енді либералдық саяси құқық реформа жасау керек, Қытай либералдық саяси құқық реформаларға бармайды. Ресей де социализмнің "артықшылығы" - мемлекеттік сектор және стратегиялық жоспарлау мобилизациялық мүмкіндігіне жетпек. Бұл да құрдымға апаратын жол. Ресей де Қытайдан үлгі алып либералдық саяси құқық реформаларға бармайды. Ресейде жеке меншік секторды қысқартып ,мемлекеттік секторды өсіреді. Бұл жағдай нарықтық компонентті қысқартады да экономиканың икемділігін қысқартып, даму қарқыны төмендейді. Сонда бізге не істеу керек? Біз Нұрекеңнің басқарумен авторитарлық модернизация мүмкіндігін негізінен пайдаланып тәуір жетістікке жеттік, бірақ одан ары дамуымыз саяси құқықтық либерализацияға ғана байланысты. Мен бұл қадамдар қаншалықты мүмкін және қауіпсіз екенін білмеймін. Бұл жолда қауіп пен қатерлер де бар. Саяси либерализация белгілі дәрежеде мемлекеттің тиянақтылығын уақытша төмендетеді. Украина саяси либерализация кезеңінде Қырымды Ресейге жем қылды. Біздің жанымызда екі, тіпті үш агрессивті мемлекет бар: ол Ресей, Қытай және Иран.

Әзімбай Ғали

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір