• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:21:41
Алматы
+35°

12 Қыркүйек, 2017 Саясат

Қытай Корей түбегінде соғыстың болуына ешқашан жол бермейтінін мәлімдеді

"Қытай ешқашан Корей түбегінде соғыстың, әскер қимылдардың болуына жол бермейді"

 Қытай Корей түбегінде әскери қимылдардың болуына жол бермейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп. Барлық проблема тек қана бейбіт түрде ғана шешілуі тиіс деді ҚХР СІМ-нің  ресми өкілі Гэн Шуан.

«Қытай ешқашан Корей түбегінде соғыстың, әскери қимылдардың болуына жол бермейді»-делінді оның хабарламасында.

Ол өз сөзінде, 2375 резолюциясы толық көлемде, кешенді түрде жүзеге асатынына үміттенетінін айтты.

«Түбекте орнап тұрған шиеленісті мәселені шешу үшін барлық тарап өзіне тиесілі талаптарды орындауы, жүктелген міндеттерді жүзеге асыру тиіс»-дейді дипломат.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі дүйсенбі күні КХДР-ге қатысты оның импорт пен экспорт  мүмкіндіктерін тежейтін жаңа санкцияларды енгізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір