• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:06:25
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2018 NEWS

Қытай ғалымдары алғаш рет маймыл клонын жасап шығарды (видео)

Екі бірдей ұзын құйрықта макакалар Жонг Жонг және Хуа Хуа бұдан бірнеше апта бұрын Қытайдағы лабораторияларының бірінде дүниеге келген.

Екі бірдей ұзын құйрықта макакалар Жонг Жонг және Хуа Хуа бұдан бірнеше апта бұрын Қытайдағы лабораторияларының бірінде дүниеге келген, деп BBC-ге сүйене отырып жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ғалымдардың айтуынша, генетикалық тұрғыда айнымайтын маймылдар адам ауруларын зерттеуге септігін тигізеді.

Ал сыншылар болса, бұл жағдайдың адам клонына алып келе жатқан этикалық мәселе екенін айтады.

Қытайдың Жүйке-жүйесі Институтының Ғылыми Академиясы клондалған маймылдар генетикалық негіздегі қатерлі ісік, ағзаның бөтен бөлшектерге қарсы тұру қасиеті мен ас қорыту жүйесіндегі ауруларды зерттеуге көмек көрсетеді.

«Осы қосымша модельді қолдану арқылы зерттелуі мүмкін примат биологиясы туралы көптеген сұрақтар бар», - деді ол.

Жонг Жонг бұдан сегіз ай бұрын дүниеге келсе, Хуа Хуа алты ай бұрын туған. Олар Қытай халқы және ұлты деген мандарин тіліндегі сөздермен аталған.

Зерттеушілер, маймылдардың бөтелке арқылы тамақтанатыны және қазіргі жағдайы жақсы екендігін айтты. Олар келер айда бұдан да көбірек маймыл клондар жасап шығармақшы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір