• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:08:22
Алматы
+35°

11 Қыркүйек, 2018 Тағайындау

Қыста ғана Елбасыдан ескерту естіген Бақыт Сұлтанов бүгін Елорданың әкімі атанды

Міне, күн суытпай жатып Бақыт Сұлтанов ел басшысының көңілінен шыққан сияқты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың Баспасөз қызметінің твиттерде жариялаған ақпаратына сүйене отырып. 

Әсет Исекешевтің орнын алмастырған Бақыт Сұлтанов әкімсіз қалған астаналықтардың көңіл-күйлерін көтеріп, мерейлерін үстем етеді деп үміт артамыз. Қаржы министрі болып қызмет атқарған Бақыт Тұрлыханұлы қыстың басында ғана Елбасыдан ескерту естігенін естеріңізге сала кетейік. Электронды мағлұмдау жүйесі жолға қойылмағандығы үшін Назарбаевтың ашуын келтірген ол сол кезде қызметінен айырыла жаздаған болатын. Міне, күн суытпай жатып Бақыт Сұлтанов ел басшысының көңілінен шыққан сияқты. Ендігі басты мәселе - Астана әкімінің ел көңілінен шығуы. 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір