• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:39:54
Алматы
+35°

30 Шілде, 2018 Саясат

Қыркүйекте күн суытса да үй жылы болуы керек дейді Ақсақалов

Өңір басшысы бұл бағытта аудан әкімдері көмірді жеткізу процесін күн сайын қадағалап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деді.

Облыстық әкімдіктің отырысында қысқы жылыту маусымына дайындық барысы туралы СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев баяндады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі СҚО Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ші ЖЭС биыл жөндеу жұмыстарына 4 млрд.тг бағыттапты. Облыстағы 446 қазандықтың 376-сы кезекті маусымға дайын. 646 білім ошағының 461-і, 582 денсаулық сақтау мекемесінің 480-і сақадай сай.

«Петропавл Жылу Желілері» ЖШС 2018 жылы 12 шақырымға созылған жылу құбырын қайта жаңғыртып, жөндеуді  көздеген. Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов компанияның басшысы Виктор Рыбасқа былтырғы олқылықтарды қайталамауды сұрады.   

«Былтыр жазғы маусым кезінде жөндеу жұмыстары өте сылбыр жүргізілді. Кейбіреулер күз ерте келді дейді. Мәселе онда емес. Біз жоспарға сай жұмыс жасауымыз керек. Биыл қыркүйек айында ауа райы күрт суытса, не істейсіздер? Сондықтан, 1-ші қыркүйекке дейін барлық жоспарланған жұмыстарды аяқтау қажет»,- деді Құмар Ақсақалов.

Антон Федяевтың айтуынша, биыл бюджеттік ұйымдарға қажет көмірдің көлемі 141 мың тоннаны құрайды. Барлық көлем темір жол стансаларына жеткізіліп, қазір ұйымдарға таратылу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың көмірге деген сұранысы 364 мың тонна. Осы күнге дейін жеке үйлердің иелері  80 мың тонна көмірді сатып алды.

Өңір басшысы бұл бағытта аудан әкімдері көмірді жеткізу процесін күн сайын қадағалап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деді.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір