• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:15:56
Алматы
+35°

03 Желтоқсан, 2018 Әлеумет

Қырғызстандық шенеунік ата-анасының үйін балабақшаға айналдырды

Қазір оны мемлекет меншігіне алу жұмыстары жүріп жатыр

Қырғызстанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Әліккбек Жекшенқұлов ата-анасының үйін балабақшаға айналдырады. Бұл туралы саясаткердің ұлы Бекқұл Жекшенқұлов хабарлады.

Оның айтуынша, бұл үй Кочкор аудан орталығында орналасқан. Мұндай шешім отбасы кеңесінде қабылданған. Өйткені қыстақта жалғыз ғана балабақша болған. "Аймақтарды дамыту жылы аясында шағын үлесімізді қосқымыз келді", - деді Жекшенқұлов.

"Қазір оны мемлекет меншігіне алу жұмыстары жүріп жатыр", - деді ол.

Бұның алдында депутат Камшыбек Жолдошбаев та мемлекетке осындай сыйлық жасаған. Қараша айында ол Нарын облысына қарасты Қайыңды-Бұлақ ауылындағы үйін мектеп ретінде пайдалануға берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір