• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:36:37
Алматы
+35°

07 Қыркүйек, 2017 NEWS

Қырғызстанда теракт жасамақ болған ДАИШ мүшесі ұсталды

Тергеу нұсқасы бойынша, исламист лаңкес мемлекеттік маңызы бар шара кезінде лаңкестік ұйымдастыруға дайындалып жүрген

Қырғызстан Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бейсенбіде лаңкестік ұйымдастыруға дайындалып жатқан ДАИШ ("Ислам мемлекеті") мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости мәліметіне сүйеніп. 

"Қырғызстан Республикасының МҰҚК контртеррорлық шаралар барысында халықаралық террорлық ұйымдардың диверсиялық террорлық топтарды анықтау және жолын кесу мақсатында "Ислам мемлекеті" белсенді мүшесі, ел азаматы, 1988 жылғы "Д.С" ұсталды", - делінген ведомство хабарламасында. 

Тергеу нұсқасы бойынша, исламист лаңкес мемлекеттік маңызы бар шара кезінде лаңкестік ұйымдастыруға дайындалып жүрген. Тінту барысында одан қолдан жасалған жарылғыш заттар табылды.

"Ұсталған азамат МҰҚК уақытша тергеу изоляторына қамалды. Жедел тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір