• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:10:45
Алматы
+35°

20 Қыркүйек, 2018 Спорт

Қырғыздарды ең алдымен сабаған өз көкпаршыларымыз екен (видео)

Кетті аттың көз жасы да тамшылап, Ішім күйіп, ет жүрегім жаншылад(ы). Ұтыларын анық сезді қазағым, Бастады олар қырғыздарды қамшылап.

Әлеуметтік желіде 2017 жылғы көкпарда қырғыздардың қазақтардан қалай жеңілгені туралы видео тарап, қызу талқыға түсіп жатыр. Аталған видеоның түпнұсқасы Youtube желісінде 2017 жылы 17 қыркүйекте жарияланыпты. Дегенмен қырғыздар биыл Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде қазақтардың өзбектен мақсатты түрде есе жіберіп жеңілуін осы видео арқылы түсіндіруде. Аталмыш видеодан қазақ көкпаршыларының қырғыздарды қалай қамшымен ұрғанын көруге болады.  Қазақтың танымал көкпаршысы Жұлдызхан Тайырбековтің "Қамшыға" берген сұхбатында осы әңгіменің шет жағасын былайша тарқатқан болатын: "Қазақтар өзбектен не себепті жеңілгенін айтайын. Менің басымды кессе кесіп алсын, қазақтар қырғызға шықпаудың амалын жасау үшін өзбектен жеңілді. Ал қырғызбен финалда ойнаған кезде 30-0 есебімен, жер болып жеңілетін еді. Сол үшін өзбектерге есе жіберді. Ал қырғыздар былтыр жеңіліске ұшырағаннан кейін биыл мықты екендігін дәлелдеу үшін «осы қазақ келіп қазақ шықса, оларға біз көкпардың не екенін көрсетеміз», - деп бізді күткен болатын". Енді бір сөзінде шындықты жар салуға қорықпаған қазақ көкпаршысы былай дейді: "Қырғыздың шырылдайтыны,  ашуланатынындай жөні бар. Көкпарды қазақ бола ма, өзбек бола ма не қырғыз бола ма, бәрібір мұсылман болған соң бірге дамытуымыз керек. Көкпарды кәпірлер емес, мұсылмандар шабады. Біздің ұлттық құндылығымызға айналған көкпарды жоғары деңгейге жеткіземіз, әлемдік Олимпиада ойындарының қатарына қосамыз деп жүрген кезде қырғызға барса, қырғыз, қазаққа барса, қазақ жеңіп жатқаны мүлдем дұрыс дүние емес". Қызу талқы тудырған видеоның соңында 2017 жылы Қазақстанда өткен көкпар ойыны туралы өлең жазылған. Бұл өлеңді Qamshy.kz ақпарат агенттігі қазақ тіліне аударып, оқырман назарына ұсынады. 

Пір тұтып ер Сыпатай батырды,

Көкпар десіп дүние жүзін шақырды.

Қазақ туған қонақ тосып еліне,

Айлы түнде ұйқысыз таң атырды

 

Қазақ елі шекарадан ары жатканды,

Дүние елі бізде десіп мақтанды.

Ал біз жақтан көк бөрісі қырғыздың,

Анық көкжал жігіттері аттанды.

 

Әрбір тарап өздігінше жар салад(ы).

Өз абыройын намыспенен қалқалап.

Қазағым да, қырғызым да жемісті,

Келе жатты екі жақты талқандап.

 

Финал болды, қазақ-қырғыз беттесті,

Не себептен қырғыздарға кектесті.

Қазақтарым абыройын түсіріп.

Соншалықты деңгейге түспеу керек еді

 

Кетті аттың көз жасы да тамшылап,

Ішім күйіп, ет жүрегім жаншылад(ы).

Ұтыларын анық сезді қазағым,

Бастады олар қырғыздарды қамшылап.

 

Кейін олар бірінші орын алысты,

Өйтүп-бүйтіп төрт муляжды салысты.

Еске алмай ақиқатты өздерін,

Жердегі жоқ батыр сезіп қалысты.

 

Берді қырғыз бұл ойында кезекті,

Көшпенділерде хайуан терді тезекті.

Жә, бауырым, ұмыттың ба әлгінде,

Он бес пен үшке теңеп қойған есепті.

 

Бізге жетеді Ер Манастың батасы,

Шешіп қойды бұл олардың қатесі.

Біз ғана емес, бүкіл дүние айтуда,

Қырғыздар деп көк бөрінің атасы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір