• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:14:32
Алматы
+35°

30 Қыркүйек, 2018 Әлем

Қырғыздар Қытай кәсіпкерлерін қорқытып, контейнерге қамаған (видео)

Баткен облысы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Чолпон Бердикулованың айтуынша, тергеуді аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті билікпен бірге атқарады.

Қырғызстан милициясы Қытайдан келген кәсіпкерлерді контейнерде ұстап, оларды қорқыту фактісін тексереді. Олар Кадамжай ауданы Майдан ауылындағы Шамбесай кешенінде жұмыс істейді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтының дерегін негізге алып. 

Баткен облысы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Чолпон Бердикулованың айтуынша, тергеуді аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті билікпен бірге атқарады. Тергеу өз бетімен жазалау фактісі бойынша жүргізіледі.

Бердикулованың сөзіне қарағанда, оқиға 25 қыркүйекте болған. Кадрларда жергілікті халық Қытайдың бірнеше азаматын қоршап алып, оларды қорқытып-үркіткені анық көрінеді. Одан соң тұрғындар қытай кәсіпкерлерін тұрмысқа бейімделмеген контейнерге қамап қойған.

Айта кетейік, Шамбесай кенішінде 8 тонна алтын бар деп болжанған. Геологиялық барлау жұмыстары мұнда 2007 жылы басталған, 2012 жылы алтын өндіруге лицензия берілген. Соңғы бірнеше жылда лицензияның бірнеше қожайыны ауысты. Қазір оны Қытайдың "Тианди" компаниясы өндіріп жатыр. Бұл жұмыстарға жергілікті халық үнемі кедергі келтіріп келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір