• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:25:40
Алматы
+35°

15 Қараша, 2018 NEWS

Қырғыз режиссердің Шыңғыс Айтматов сыйға тартқан көлігін өртеп кетті

8 қараша күні кешкісін режиссер тұратын үйдің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткен.

Қырғызстанның белгілі кинорежиссері, актері, СССР халық әртісі Болот Шамшиевтің көлігін белгісіз біреулер ұрлап әкетіп, кейін өртеп жіберген.

Бұл туралы мәліметті Болот Шамшиевтің өзі Азаттықтың қырғыз қызметіне растап, Бішкектің аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазғанын айтты.

Оның сөзінше, 8 қараша күні кешкісін режиссер тұратын үйдің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткен. Болот Шамшиев бірден милицияға хабар берген. Кейін құқық қорғау органдары көлікті Шу облысы, Молдованов ауылынан тапқан. Бірақ көлікті өртеп жіберген.

Режиссердің айтуынша, көліктен ешнәрсе алмаған. «Мерседес» маркалы көлік 1989 жылы жасап шығарылған. Бұл көлікті оған 1993 жылы атақты жазушы Шыңғыс Айтматов Бенилюксте Қырғызстанның елшісі болып тұрғанда, сыйға тартқан. Айтматов көліктің құжаттарын рәсімдеп, Қырғызстанға жеткізуге көмектескен екен. Болот Шамшиев ұрлаған адамдар көліктің мен үшін аса қымбат екенін біліп, әдейі өртеді деп есептейді.

Қырғыз ССР және СССР халық әртісі Болот Шамшиев қазір 77 жаста. Ол «Қараш асуындағы атылған оқ», «Ыстық-көлдегі қызыл қызғалдақтар», «Ақ кеме», «Махаббат жаңғырығы», «Жаралы тырналар» және т.б. фильмдер түсірген

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір