• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:16:18
Алматы
+35°

05 Сәуір, 2019 Әлем

Қырғыз парламенті экс-президенттерін жауапкершілікке тартуға рұқсат берді

Жоғарғы Кеңес экс-президенттерге қол тигізбеу құқығынан ажырату жөнінде заң жобасын үшінші оқылымда бір дауыстан қабылдады.

Жоғарғы Кеңес экс-президенттерге қол тигізбеу құқығынан ажырату жөнінде заң жобасын үшінші оқылымда бір дауыстан қабылдады.

Бұған дейін Конституциялық палата «экс-президентке қол тигізбеу құқығын алып тастау соңғы президентке импичмент жариялау процедураларынан жеңіл болмауы керек» деген пікірін білдірген.

«Президенттің кепілдіктері жөніндегі» заңға өзгерту енгізу бойынша Жоғарғы Кеңестегі «Өнүгүү-Прогресс» фракциясынан Исхак Масалиев пен «Республика – Ата ұурттан» Курманкул Зулушев ұсыныс білдірген. Парламент бұл заң жобасын былтыр желтоқсан айында бірінші оқылымда көпшілік дауыспен мақұлдаған.

Экс-президентке қол сұғылмауды алып тастау жөнінде алғаш рет 2018 жылы Бішкек Жылу электр орталығындағы апаттан кейін көтерілді. Депутат Масалиев бұған тікелей президент Алмазбек Атамбаевтың қатысы барын айтқан.

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір