• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:57:32
Алматы
+35°

28 Шілде, 2017 NEWS

Қылмыскердің анасы: Әкесі мен інісін өлтірген баламды ешқашан кешірмеймін

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкесі мен інісін өлтірген Медет Тапаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкесі мен інісін өлтірген Медет Тапаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол ішімдік ішіп, бір күнде әкесі мен інісін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сотталушы Медет Тапаев бұрын істі болған. Тіпті 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, кейін мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығарылған. Іс материалдарына сүйенсек, Медет Тапаев осы жылдың сәуір айында Ақтөбе қаласында тұратын ата-анасының үйіне барып, азаматтық некедегі жұбайына тамақ пісіруді бұйырады. Кейін ата-анасы мен бауырларының ұйықтап жатқанына қарамастан олардың тыныштығын бұзып, жұбайын балағаттаған. Осы кезде әкесі Серік Тапаев оянып кетіп, «ішімдік ішкенше, табыс тауып, отбасыңды асыра» деп ұлына ұрысып, оны көсеумен ұрады. Сол кезде ашуға булыққан сотталушы Медет Тапаев әкесіне пышақ ала жүгіреді. Әке мен бала арасындағы жанжалға інісі Манас Тапаев араласып, ағасын тоқтатпақ болған ол бірнеше дене жарақатын алады. Інісін пышақтап, кейін шәйнекпен басынан ұрып, мерт қылады. Сол күні оқиға орнында Серік Тапаев қаза болып, інісі Манас Тапаев арада 5-6 сағат өткенде ауруханада есін жимастан көз жұмды. Бұл оқиғаның бәрі анасының, қарындасының, азаматтық некедегі әйелінің көз алында болған.

«Екі азаматымды өлтірді. Пышақтап, шәйнекпен ұрды. Ұлым Манастың артында екі баласы қалды. Немерем әкесін сұрайды. Біз «жұмыста» деп алдап келеміз. Медетті кешірмеймін. Жауыздықпен көз алдымда өлтірді ғой. Кешірім жоқ. Мәңгілікке кетсін, көзіме көрінбесін. Біз қорқып, үрейленіп отырамыз»,- деді сотталушының анасы, жәбірленуші Р.Тапаева.

Айта кетейік, Медет Тапаев Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпталып жатыр. Мемлекеттік айыптаушы жарыссөз кезінде М.Тапаевты 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Оны мәжбүрлі түрде ішімдіктен емдетіп, қауіптілігі төтенше түзеу мекемесінде жазасын өтеуді сұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір