• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:22:25
Алматы
+35°

12 Қараша, 2018 NEWS

ҚазҰУ-да өткен іс-шараға шетелден келген қандастырымыз атсалысты

Тыңдаушыларды  өз  ана  тілінде   еркн  сөйлеуге,  сөз  байлықтарын  жетілдіруге   баулып,  «Шешендік  өнер»  сайысында  бақтары  сыналды.

Үстіміздегі  жылдың   қазан  айының  25-ші   жұлдызында   Әл – Фараби   атындағы   ҚазҰУ-нің  Жоғары оқу  орнына дейінгі  білім  беру факультетінде   Жоғары оқу  орнына  дейінгі дайындық  кафедрасында   «Алтын   күз»  тақырыбымен     мерекелі  іс – шара  өтті.  

Бұл  іс – шараға  Қытай  Халық республикасынан,  Өзбекстан  Республикасынан,  Монғолиядан,  Ираннан   келген  қандас бауырларымыз   қатысты. 

Зал  тақырыпқа,  мерекеге  сай  түрлі  гүлдермен,   алтындай  сары  шарлармен  безендірлген.   Қатысушы  тыңдаушылар  іс – шараға  өз қолдарымен  табиғи  материалдарды  пайдаланып,  түрлі   бұйымдар,  макеттер,  қабырға  газеттерін,  гүл  салатын  құмыралар,  лашық  үйлер,  құс    ұясын  жасап    көркем  де  әсем  шеберлігімен  көпшілікті  тамсандырды.  Тыңдаушылардың  қолөнері  мен  ән – би  өнерін,  тапқырлығы  мен  шешендік  өнерін  бағалауға   кафедрамыздың   қазақ  тілі   пәнінің  аға  оқытушысы   Рахила Тұрсынқызы,  тарих  пәніні  оқытушысы  Бауыржан  Есімханұлы,  Университетіміздегі  Бейінді  мектептің қазақ  тілі пәні  мұғалімі – Ұлпан    Сәбенқызы  төрелік  етті.

 Аталмыш  кешіміз   топ  қыздарымыздың  орындауында әні  Нұрғиса  Тілендиев,  сөзі  Тұманбай  Молдағалиев  ағаларымыдың  « Құстар  қайтып  барады»  әнін  шырқаумен   басталды.  Ән  біте  салысымен  сахна  төріне   кетіп  бара жатқан  «Жаз»  ханшайымы  мен  келіп  жеткен  «Күз»  ханшаймын   ду  қол  шапалақпен  шақырылды.   Олар  айтысқа  түсіп,  соңында  «Жаз»  ханшаймын  «Келесі  кездескенше!» - деп  шығарып  салысты.

Тыңдаушылар   көңілді  кешті    жалғастырып,    әннен,  биден  өнерлерін  аямады.   Жұмбақ  шешу   сайсынан  да  сүрінбей  өтіп  жатты.  Айта  кету  керек,  өз өнерлерімен  2-ші  топтан  Өркен,  7-ші  топтан  Күнсұлу,  10-шы  топтан  Тілек  есімді  тыңдаушылар  оза  шықты.   Әділ – қазылар  да  ұпайларын  айта  отырып,  мерекенің  сәнін  келтірді.

Тыңдаушыларды  өз  ана  тілінде   еркн  сөйлеуге,  сөз  байлықтарын  жетілдіруге   баулып,  «Шешендік  өнер»  сайысында  бақтары  сыналды,  10  топ  ішінен  ерекше  тапқырлығымен   Күнсұлу,  Еркежан, Қайнар сынды  балалар   көзге  түсіп,  разы  болдық.   Әділ  қазылар   тыңдаушылардың   өз қолдарымен  табиғи  материалдардардан   жасаған   түрлі   бұйымдар,  макеттер,  қабырға  газеттері,  гүл  салатын  құмыралар,  лашық  үйлер,  құс    ұясын  көзден  таса  қалдырмай  бағаларын  беріп  ұпайлармен  бағалады.

Көңілді  Алтын  күз  кеші  де  мәресіне  жетіп,   нәтижесінде  8 – ші,  7-ші, 5-ші  топтар  жүлделі  орындарға  қол  жеткізді.  Тыңдаушылар мен  оқытушылар  көтеріңкі көңіл  күймен тарап жатты.

Үсенбекова  Айнагүл Ермекбайқызы,

әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық  Университеті ,

Жоғары оқу  орнына дейінгі  білім  беру   факультеті,

Жоғары оқу  орнына  дейінгі дайындық  кафедрасының

 аға оқытушысы 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір