ҚазҰУ-да Махатма Ганди орталығы ашылды

ҚазҰУ-да Махатма Ганди орталығы ашылды
Ⓒkaznu.kz

ҚазҰУ-да үнді халқының дана тұлғасы, ұлы ойшыл Карамчанд Махатма Ганди атындағы орталық ашылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен өткен шараға Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар, Үндістан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Шри Мартин Сириас Слеменс, Қазақстандағы Үндістан Республикасының әскери атташесі полковник Милан Налаваде және ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

Сөз алған ҚазҰУ ректоры «Бүгін тұсауы кесіліп отырған орталық үнді халқының дана тұлғасы Махатма Ганди есімімен тікелей байланысты. «Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» – деген нақыл сөзді мұра етіп қалдырған Махатма Ганди Үндістанды Ұлыбританиядан азат ету үшін күрескен ғасыр адамы.

Үнді топырағының қойнауындағы сырға толы тарихты, оның мәдени бай мұрасын, үнді тілдері мен әдебиетін зерттейтін мамандарды дайындау мақсатымен 1992 жылы университетіміздің шығыстану факультетінде үндітану бөлімі ашылды. Жиырма алты жыл ішінде үндітану бөлімін хинди, урду тілдерін меңгерген екі жүзге жуық шәкірт бітіріп шықты. Олардың ішінде, бакалавр, магистр және PhD докторлар бар.

Үндітанушы мамандар ел аумағында ғана емес шет елдердегі белді ЖОО-да өз білімдерін шыңдап отырады. Шығыстану факультеті, соның ішінде үндітану бөлімі Халықаралық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде Үндістанмен ICCR (мәдени байланыстар бойынша үнді кеңесі) бағдарламасы, ITEC (халықаралық техника-экономикалық ынтымақтастық) бағдарламасы аясында Үндістандағы Дели университеті, Дж. Неру университеті, Агра қаласындағы Хинди тілі орталықтары, Джамия Милия универсиеті сынды университеттермен халықаралық байланыс жасап, академиялық алмасуларды жүзеге асырып отырады. 2015 жылдан бері ұлттық университетімізде үндітану бөлімі жанынан Үндістан Республикасы қаржыландыратын «Шанти» йога орталығы жұмыс жасайды. 2015 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясының ынтымақтастық орнату және тәжірибемен алмасу мақсатында Ұлыбритания, БАӘ, АҚШ, Сингапур және т.б. әлемнің көптеген мемлекеттерінде филиалдары бар Үндістанның ірі ЖОО-ның бірі «Амити» университетінде, сонымен қатар Дели университеті және Үндістан технологиялық институтына ресми іс сапармен баруы екі ел арасындағы халықаралық байланыстың символы болмақ», - деді Ғалым Мұтанов.  

Кезекте сөз алған Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар: «Махатма Ганди күресті қару күшімен емес, бейбіт жолмен жүргізе отырып, ұлы мақсат жолында қандай да бір күш қолдануға жан-тәнімен қарсы болды. Шын мәніндегі ұлт көсемі дәрежесіне көтерілген ол ұлы мұрат жолында қайтпас жігер танытқан тұлға. Гандидің ұлтының болашағы жолында еткен еңбегін бүгінгі үнді халқы мәңгі есте тұтып, жыл сайын көсемнің туған күніне орай еске алу шарасы өтеді. Бүгінде Махатма Ганди орталығының ҚазҰУ-да ашылуы Үндістан мен Қазақстанның мызғымас достығының дәлелі», -деді елші.

Шара барысында басқа да қатысушылар қазақстандықтар мен Үндістан халқын бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, үндітану бөлімі жанынан ашылған Махатма Ганди орталығында атқарылатын іс шаралар жемісті болып, екі ел арасындағы білім, ғылым, мәдениет саласындағы байланыс достық көпірі жалғасын таба береді деген үміттерін жеткізді. Сонымен қатар шара соңында қазақ, орыс, ағылшын және хинди тілдеріндегі  отандық және шетелдік үндітанушы-ғалымдардың материалдары ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Хинди-қазақ, қазақ-хинди сөздігі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Алматыдан 729 шақырым қашықтықта жер сілкінді
    18/08 11:25 0 53
    2
    Шығыста Шәкәрімнің 160 жылдығы аталып өтті
    18/08 10:32 0 192
    3
    "Қазақфильм" неге дүрлікті?
    17/08 19:00 0 235
    "Мұхтар Жәкішевті мазақ қылуды доғару керек"
    17/08 17:42 0 1221
    Қарағандыда кондуктор жолаушыны соққыға жықты
    17/08 17:23 0 519

    Таныстырылғандар

    Шетелдік студенттер қазақстандық университетті таңдауда
    Шетелдік студенттер қазақстандық университетті таңдауда
    Шетелдік студенттер қазақстандық университетті таңдауда
    Жалпы жаңа оқу жылында 600 шетелдік студентті қабылдау күтілуде.
    24/07/2018 10:52 5 536
    Күйеуі өлімші қылып сабағанға шыдамай үйден безген келіншекті кім көрді?
    Күйеуі өлімші қылып сабағанға шыдамай үйден безген келіншекті кім көрді?
    Күйеуі өлімші қылып сабағанға шыдамай үйден безген келіншекті кім көрді?
    Күйеуі өлімші қылып сабап, таңғы 6-да үйден шығып кеткеніне бүгін төртінші күн.
    24/07/2018 23:32 1 4644
    Шерхан Қазығұл: "Қателеспейтін журналист болмайды"
    Шерхан Қазығұл: "Қателеспейтін журналист болмайды"
    Шерхан Қазығұл: "Қателеспейтін журналист болмайды"
    Одан трагедия жасаудың қажеті жоқ. Қатеңді жөндеуге арлансаң, сол – нағыз трагедия.
    27/07/2018 01:02 0 768
    Бүгін Марс Жерге жақындайды
    Бүгін Марс Жерге жақындайды
    Бүгін Марс Жерге жақындайды
    Бүгін оны жалаң көзбен көруге мүмкіндік туып отыр
    31/07/2018 13:51 0 1198
    Ахмет Байтұрсынұлы: Халықтың түзелуінің үміті – жастарда
    Ахмет Байтұрсынұлы: Халықтың түзелуінің үміті – жастарда
    Ахмет Байтұрсынұлы: Халықтың түзелуінің үміті – жастарда
    Жалпы шетелдік журналистикада өмірден өткен тұлғалардың шығармаларына сүйене отырып, олармен «сұхбаттасу» дәстүрі бар.
    02/08/2018 12:48 0 487
    Қазақстандағы медиацияның даму перспективалары талқыланды
    Қазақстандағы медиацияның даму перспективалары талқыланды
    Қазақстандағы медиацияның даму перспективалары талқыланды
    Даулы мәселелерді шешу кезінде татуласу үрдістерін кеңінен қолдану Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қойылған міндеттердің бірі болып табылады.
    03/08/2018 18:47 0 546
    Әсет Исекешев пен Динара Сәтжан "Өлкетану" оқулығына енді
    Әсет Исекешев пен Динара Сәтжан "Өлкетану" оқулығына енді
    Әсет Исекешев пен Динара Сәтжан "Өлкетану" оқулығына енді
    Оқу бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының негізінде жазылған.
    08/08/2018 10:59 0 498
    Ер мұрынды, ер мінезді  Асекең
    Ер мұрынды, ер мінезді  Асекең
    Ер мұрынды, ер мінезді  Асекең
    Өйткені мұндай жандар атақтан да адами сипатына, рухани болмысқа көп мән береді.
    09/08/2018 11:42 1 630
    Теңге құнсыздануының себебі неде?
    Теңге құнсыздануының себебі неде?
    Теңге құнсыздануының себебі неде?
    Шетелдік инвесторлардың портфельдік инвестициялары Қазақстанның валюта нарығына әсер ету факторы ретінде жеке ескеруді талап етеді.
    09/08/2018 11:45 0 319
    "АлматыКітап баспасы" үйдей бәледен құтылды
    "АлматыКітап баспасы" үйдей бәледен құтылды
    "АлматыКітап баспасы" үйдей бәледен құтылды
    Бірнеше сағаттық ұзақ ойланудан кейін уәде еткендей поштамызға жауап бермей, өз фейсбук парақшаларында түсініктеме беріпті.
    09/08/2018 14:55 0 922
    Астанадан "Өлкетану" шықты жарыққа...
    Астанадан "Өлкетану" шықты жарыққа...
    Астанадан "Өлкетану" шықты жарыққа...
    Облыста «Өлкетану» сабақтары 2018/2019 оқу жылының екінші жартыжылдығынан бастап, оқушылардың мектеп бағдарламасына енгізіліп, жүргізілмек.
    13/08/2018 11:10 0 207
    Шала қазақша мен өзбек тілінің ұқсастығы көп
    Шала қазақша мен өзбек тілінің ұқсастығы көп
    Шала қазақша мен өзбек тілінің ұқсастығы көп
    Өзбек əліппесінде і, ң, ы, ұ, ү, ө, щ сияқты əріптер (дыбыстар) жоқ.
    13/08/2018 15:27 0 673
    Әдепсіз асабаларды «қара тізімге» енгізіп, айыппұл тағайындау керек
    Әдепсіз асабаларды «қара тізімге» енгізіп, айыппұл тағайындау керек
    Әдепсіз асабаларды «қара тізімге» енгізіп, айыппұл тағайындау керек
    Әлгі асаба оспадарсыз қылығын екінші рет қайталаса, айыппұл көлемін ұлғайта беру керек.
    13/08/2018 17:24 0 1897
    Шала қазақтардың сөздерін мектепте «диəлекті сөздер» деп оқытып жүр
    Шала қазақтардың сөздерін мектепте «диəлекті сөздер» деп оқытып жүр
    Шала қазақтардың сөздерін мектепте «диəлекті сөздер» деп оқытып жүр
    Еркін Омардың "Қазақ тілінің қадірін кетірмейік" деген кітапшасы қолымызға түсті.
    15/08/2018 18:11 0 628
    Сәбит Байдалы өмірден  өтті
    Сәбит Байдалы өмірден өтті
    Сәбит Байдалы өмірден өтті
    Марқұмның жаназасы жұма күні болмақшы.
    16/08/2018 12:15 0 404