• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:04:14
Алматы
+35°

13 Қараша, 2018 Аймақтар

Қазпоштаның акциясына қатысып көлікті болыңыз!

Осылайша, сәлемдемеге тапсырыс бере отырып, Lada Xray автокөлігін ұтып алуыңызға мүмкіндігіңіз бар

2018 жылдың мамырынан бері «Қазпошта» АҚ «Сатып ал да жеңіп ал!» ұтысын ойнатуда. Осылайша, сәлемдемеге тапсырыс бере отырып, Lada Xray автокөлігін ұтып алуыңызға мүмкіндігіңіз бар.

Аталған айтулы шараға жасы 18-ден асқан кез келген адам қатыса алады. Ол үшін небәрі интернетіңіз болса жеткілікті. Акция аясында жеңіл көліктен бөлек құнды сыйлықтар да өз иесін таппақ. Ал қорытындысы 20 желтоқсанда белгілі болмақ. Жеңімпаздың есімі кездейсоқ жағдайда анықталады.

«Сатып ал да, жеңіп ал» шарасына қатысу үшін ең алдымен интернет арқылы үш тауарға тапсырыс беріп, артынша Қазпоштаның промо сайтына тіркеліп, сәлемдеменің трек-номерін енгізіп, конкурс туралы әлеуметтік желіде пост жариялау қажет. Тапсырысты 15 желтоқсанға дейін кез-келген интернет-дүкенге жіберуге болады. Тауар құны да маңызды емес. Бұл акцияға 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.

«Біз жыл бойы клиенттеріміз арасында түрлі ұтыс ойындарын өткізіп жүрміз. Бұл жолы керемет сыйлықтарымыз бар. Бас жүлде - жеңіл автокөлік. Ең басты талап - сәлемдеме сіздің атыңызға рәсімделіп, kazpostpromo.kz сайтына тіркелу керек», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ коммерциялық директоры Сәуле Әбілбаева. 

Биыл Қазпоштаның құрылғанына 25 жыл толды. Атаулы мерейтойға байланысты мекеме автокөліктен бөлек, Қазпост/Али экспресс атты 25 төлем карточкасын ұтысқа қоймақ ниетте. Онымен кез келген тауарды бір жарым пайыз жеңілдікпен сатып алуға болады. Сонымен қатар, әр карточканың ішінде 25 мың теңге қаржы бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір