Қазақтың ризық-несібесін шашу осылай басталған

Қазақтың ризық-несібесін шашу осылай басталған
Ⓒqamshy.kz

Ақылы кемеліне келген, ойы орнықты да парасатты пенде пайғамбар  жасынан асқаннан-ақ ертең Аллаһ-тағаланың алдына барғанда бұ жалғанда өзі біле тұра, не білмей істеген айып, күнәлары үшін қалай, не деп жауап берерін ойлай бастауы керек. Әлде біресе патшалық Ресейдің, біресе Кеңестік Ресейдің ғасырлар бойы қазақты бүкіл ұлттық санасынан, ар-намысынан айырып, қарны тоқтығына мәз қойдан жуас құлмінез біреуге айналдыру үшін жүргізген сұрқия саясатының салдары ма, әлде сол қазақты 27 жыл бойы тәуелсізбін деп той-тойлатып, бірақ оның ұлттық ар-намысын, ұлттық сана-сезімін оятатын бірде-бір заң-зәкүн, қаулы-қарар қабылданбағанының қырсығы ма қайдам, бүгінде әлгі айтылған Алла алдындағы жауапкершілікті ойлайтын не аты елге мәшһүр ақсақал, не танымал саяси тұлға, не көрнекті қаламгер көрінбей тұрғаны ақиқаттың ақиқаты. Өзімнің шын пікірімді  айтсам, кінәлі емес шығармын, өз басым қу тағдыр ондай ақсақалдық қасиетті қанына сіңіре қоймаған, қайта өз елінде ең әуелі қазақтың тілін, ұлттық нышандарын биік ұстайық дегенге қарсы «любой моментті упустить етпейтіндердің» бірі Олжас Сүлейменов сияқты көрінеді де тұрады. Иә, әркімнің өз пікірі бар, әлде шынымен, әлде жәй дақпыртпен, әлде қолдан үлкен тұлға жасағысы келе ме қайдам, әйтеуір ел ішінде оны ұлы ақын Олжас, батыр Олжас, кемеңгер Олжас дейтіндер де жоқ емес. Кешегі Барак Обама президент кезінде баласына оның вицесі (орынбасары) болған Альберт Гордың атын қойған ұраншыл қазекем сол Олжастан несін аясын бүгінде көше толған Олжас есімділер. Сол Олжекең, Олжас Сүлейменовтің елді қазақтың тіліне көшіруге қарсы айтқан, қазақ әдебиетінің кемелдігіне күмән келтіретін, өзі айтқандай «общечеловеческое мышлениемен», «планетарный масштабта» сөйлеген сөздерін естігеннен кейін оған арнап баспасөз бетінде:

Для Олжеке, Ислам или католик,

Без разницы! Өлдің екен – жат өліп!

Біле ме екен Сүлейменов

Ешқашан

Бола алмасын «Соломонов потомок?»

Жүрсе дағы талай тілге жетіп ми,

Қазақшасы ясельный, да детский!

Олжекең де өтер бір күн

Бола алмай

«Мыслитель общечеловеческий»

«Өтті Олжас –«планетарный масштаб»,

Жүрмейікші жаназадан қалыс қап»,-

деп раввин, молда, лама, поп сонда

Оқыр  екен қандай дұға бағыштап?

Қалсаң-дағы парызыңды кеш біліп

Құбылаға бет бұру – бір естілік

Тірі кезде ұл болмасаң ұлтыңа

Сен өлгесін есіне алмас ешбір ұлт»,- деп  эпиграмма да жариялаған едім.

Ал бүгін отбасылық жеке мұрағатымды ақтарып, сонау жылдары «Қазақстан», «Жас қазақ үні», «Казахская правда» басылымдарын оқып отырып, кейбір көпірме қазекемдер оның есіміне сол батыр, кемеңгер, ұлы деген толықтауыштарды қосып айтатын Олжастың «планетарный масштабтағы бизнесі» туралы дерліктей бірнеше мақаланы оқып шыққаннан кейін «апыр-ау, қазақ елінің қазынасын өзге елдердің небір айлакерлеріне судай шашуды сонау жылдары-ақ бастап бергендердің бірі де осы Олжас батыр, осы ұлы Олжас екен ғой деп есеңгіреп отырып қалдым. Иә, ел байлығын Құдайдың қазақ жеріне берген ризық-несібесін талан-таражға салу, жет жерлік келімсектерге сату сонау 90-шы жылдардың басында-ақ басталғанын  көзі ашық екі қазақтың бірі біледі. Сол қазына байлығымызды Машкевич, Ибрагимов, Шодиевтерге, қазақ елінің миллиардтаған қаражатын қымқырып болып Ресейде небір лауазымды қызмет атқаруға кеткен алаяқтарға шығарып бергендер немесе олардың балалары бүгінде «коррупцияға қарсы күресіп» жатырмыз  дейді беттері бүлк етпей. Енді сол жылдардағы Олжекеңнің де кейбір қайраткерлігі туралы жиналып қалған, баспасөзде жарияланған мақалалардың бір-екеуіне ғана тоқталайық. Солардың бірі – «Олжас мне друг, но истина дороже» («Куда ушли миллионы фонда АО «Невада – Семей») деп аталады («Жас қазақ үні» 03.05-10.05.2012). Мұнда Семей полигонын жаптыруға ең әуелі сол кездегі Семей обкомының басшысы Кешірім Бозтаевтың орасан зор еңбек сіңіргені, ал Олжас Сүлейменов оның сол еңбегін жоққа шығармақ болып айтып жүрген сөздерінің азаматтыққа, кісілікке кереғар, қайшылау келетіні өте сыпайылықпен, өте мәдениеттілікпен баяндалады. Автор одан әрі «Невада-Семей» қоғамдық қоры туралы «Правда-Казахстана» газетінде (12.04.2012) жарияланған мақалада өзіне бағыштап қойылған мына бір сауалды келтіреді де  соған жауап ретінде тайға таңба басқандай деректерге мақала жазыпты. Мақала авторы В.Пигаваевқа қойылған сауал мынадай: «...Бәрі түсінікті, бәрі қалпынша. Алайда, сіз «Невада-Семей» қоры туралы бір ауыз сөз айтпапсыз ғой.  Ал ол қорды Олжас Сүлейменовтың «Невада-Семей» қозғалысы  жанынан құрылғанын және оның «Семей полигонынан зардап шеккендерге жәрдем» деген айбынды ұранмен құрылғаны, оған қаншама миллиардтаған доллар құйылғанын, бірақ полигон құрбандарына сол миллиардтардан көк тиын да тимегенін Сіз де, біз де жақсы білеміз. Ол қисапсыз қаржыны  осы қорды құрғандар өздері иемденіп кеткені Қаржы Министрлігінің Бақылау-ревизия Басқармасының тексеру қорытындысында (1993) ап-анық көрсетілген. Сол тексерудің актісінде ол адамдардың ішінде Олжас Сүлейменов, осы  күнгі белгілі миллиардерлер Шодиев, Ибрагимов тағы басқалары бар. Алайда, Олжастың күш-құдіреті шексіз досының желеп-жебеуі арқасында сол тексеру актісі ұшты-күйлі жойылып кетті.

Сөйтіп, құрметті Пигаваев мырза! «Невада-Семей» қозғалысы мен «Невада-Семей» АҚ туралы Сіз не айтасыз? Ал Қаржы Министрлігінің текесру комиссиясының актісі, оның неліктен жоғалып кеткенін сіз білесіз бе?

А.Ақтанов. Талдықорған

«Правда Казахстана», 2.04.2012 ж.

       Құрметті А. Ақтановқа жауап

Менің мақалама үн қосып, соған орай сауалдар қойғаныңыз үшін өзіңізге деген зор ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Әрине, әуелі өзімнің Олжас Сүлейменовты тұлға ретінде құрметтейтінімді айта кеткім келеді. Әрине, оның ядролық қаруға тыйым салу, Семейдегі полигонды жабуға үлес қосқаны да рас. Біз ол екеуміз Семейде, Абай ауданының Қарауыл ауылында, Курчатовта митингілер ұйымдастырдық.

Алайда, арада ондаған жылдар өткенде оның ядролық полигонды жаптыруда жергілікті өкіметтің атқарған істерін үзілді-кесілді жоққа шығарып жүргеніне таңым бар. Ау, сол уақиғаларды көзімен көрген, өздері де қатысқан адамдардың әлі де көзі тірі ғой. Сондықтан Сократ шал айтпақшы «Платон менің досым, бірақ ақиқат одан қымбатырақ».

2010 жылғы шілденің 19-шы жұлдызында мен «Казахстанская правда» газетінде «Совершенно секретно» деген айдармен мақала жарияладым. Ол Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаевтың Горбачевке жазған құпия шифрограммасына 20 жыл толуына арналған еді. Бірақ аса құрметті Олжас Сүлейменов бұл мақалаға астан-кестен боп тулайды деген үш ұйықтасам да түсіме енген емес. Ол полигонды жабуға қатысты К.Бозтаевтың атқарған рөлін сондай бір жанұшырарлық ашу-ызамен жоққа шығара отырып: «Егер Бозтаев етқызулықпен осындай батылдыққа бара қалса, ол сол күні-ақ орнынан тайдырылар еді» деп жазыпты. Бұған қарап Кешірім Бозтаев Семей полигонын жабу жөнінде Горбачевқа шифрограмма жібермеген, елдің басқа да  басшыларына, КСРО депутаттарына хат жазбаған деп қалуға болады екен. Бірақ сол кездің көзі тірі куәгерлері әлі бар ғой. Ал мен ол кезде осы облыстық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болдым. Сол шифрограмманың жобасын даярлау да маған тапсырылды. Кейбір тұстарын Бозтаев түзеткен ол жазба әлі де менің мұрағатымда сақтаулы. Жалпы бөлімдегі құпия сектордың шифрлаушысы В. Игнатьев бұл шифрограмманы КПСС ОК не жіберді. Басқалары КСРО-ның жоғары мемлекеттік орындарына да таратылды.

Ақынымыз «Екінші митинг наурыздың бас кезінде Семейде обкомның қарсы бетіндегі майданда өтті. Оған обкомның  бірде-бір қызметкері қатыспады. Обкомның есіктері жабық, перделері түсірулі тұрды. Ол обком сонысымен менің есімде қалды" деп жазыпты. Сол митингіден кейін Бозтаев Сүлейменов, бөлім меңгерушісі Маркен Шайжүнісов бәріміз обкомға келдік. Мен қабылханада қалдым. Олар сол жолы «Невада-Семеймен» алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істей берудің жоспары туралы әңгімелесіпті.

...Енді митинг туралы. Біріншіден, кез-келген іс-шара секілді әрбір митинг мұқият түрде обкомда жоспарланады, келісіледі, ұйымдастырылады. Екіншіден, Алматыдан және басқа аймақтардан митингіге келгендерді мейманханаларға (әдетте, бос орын болмайтын) орналастыруымыз керек. Біз сол «Невада-Семей» қозғалысының атқарушы директоры В.Ерохиннің тапсырысымен ішінде толып жатқан журналистерін, шетелдіктерін, аудармашыларын есептемегенде өздері бірнеше ондаған адамнан тұратын «невада-семейліктерге»  арнап алдын-ала броньдар қойдық. Ал олармен бірге жүрген КГБ,ІІМ-нің киімін өзгертіп киіп алғандары қаншама?! Олар бұл митингіге жүздеп, мыңдап қатысып жүрді.

О.Сүлейменовтің алаңда (майданда,-аудармашы) невадалықтар көріне салысымен-ақ олардың соңынан қалың ел қаптап еріп жүрді деуі шындыққа мүлде жанаспайды. Ешқашан бұлай болған емес. Біз митингіге қатысатын адамдарды да өзіміз іріктеп, онда кім сөйлеуі керектігін белгілеп, мәтіндерін де даярлап қоятынбыз. Плакаттар мен ұрандар жазып, дыбыс күшейткіш орнататынбыз. Митингінің бүкіл сценариі талқыланып, тіпті, кім қай плакатты алып жүретіні де тағайындалатын. Айтпақшы, Сүлейменовтың «Казахстанская правдадағы» мақаласына қосып берілген, митингіден түсірілген суреттегі (30.07.2010) сол жақта плакат көтеріп келе жатқан мұртты адам обкомның нұсқаушысы Сергей Кучеренко деген азамат. Ендеше, Олжастың митингі обкомсыз өтті деуі қалай?

Олар осылай миллиардер болған еді

Ал «Невада-Семей» АҚ-ның қоры туралы сұраққа «иә» деп те, «жоқ» деп те айта алмаймын. Бірақ, мен ҚР Қаржы министрлігінің басқарма басшысы И.Смирновтың «Невада-Семей» қорын тексеру қорытындылары туралы мәлімдемесін оқығанмын. Бұл тексеру қорытындысына Смирновпен бірге Қаржыминнің бас маманы Е.Бішімбаев, жетекші маман Э.Ким де қол қойған. Ол аз болса «Малахиттан» «Невада-Семей» АҚ қалай жасалды?», «сейфтерге «көміп» тасталған істер туралы», «Палладиум интернационал» ЛТД деген қайдан шықты?» және «Олжас Сүлейменовтың шын бет-бейнесі» («Олжас Сулейменов без грима») деген және басқа әртүрлі баспасөзде жарияланған мақалаларды да оқығам.

(Осы жолдарды оқып отырып, «Апыр-ай, сондай мақалалар шығып, оны жұртшылық оқып жатқанын «многоуважаемый» және өзі айта беретін «поэт общечеловеческого мышления и планетарного масштаба» Алжас Амарыч білмеуі, тіпті өзі оқымауы да мүмкін емес қой. Мынау тіпті, жәй ғана  қарапайым, ар-ұяты бар адамның өзін не инфаркт, не инсульт қылатын нәрсе ғой. Осыдан кейін халықтың алдына, жиындарда, теледидарға шығып ақсақалсып, ақынсып бірнәрсе айтпақ түгіл елдің бетіне көріну де оңай емес қой. Ал Олжекең ше?..." демеске амалымыз қала ма?, – М.К.)

Одан әрмен мақала былай жалғасады: Айтпақшы осыдан біржарым жыл бұрын О.Сүлейменов Семей тұрғындарымен кездесу өткізді. Сонда залда отырғандардың бірі бүгін сіз қойып отырған сұрақты қойды. Ақын ол  ақшаға Балтық жағалауындағы бір жерлерден Семейге және басқа да қалаларға арнап 5-6 шағын зауыт сатып алынған еді. Бірақ сол зауыттар да, ақша да қайда зым-қайым болғанын білмейтінін айтып, мен сенім артқан адамдар онша таза адамдар болмай шықты деп жауап берді. Сірә, осы бір тым күңгірт те алаяқтық істермен Олжастың айналасындағы А.Машкевич, Беренбаум, Шодиев және Ибрагимов және басқалары айналысқан шығар деп ойлаймын. Егер олай болса, Олжас Омаровичтің осынысының өзі-ақ Қазақстанда тұңғыш миллиардерлердің «дүниеге келуіне» жақсы жағдай жасаған болып шығады.

Жоғарыдағы тексеру актісіне қарағанда 1991 жылдың маусымында «Малахит» деген кооперативтің атауы «Невада-Семей» АҚ болып өзгертілді. Және Олжас Сүлейменовтың өтінішіне орай «Невада-Семей» өзіне түскен табыстан салық төлеу міндетінен босатылып, мұнай мен түсті металлдарды экспортқа шығарғаны үшін 2% ғана салық төлейтін болыпты. Осындай жеңілдіктер алу үшін Олжас Сүлейменов ҚР Үкіметіне, өкіметтің өзге де орындарына, басқармаларға «Невада-Семейдің» коммерциялық шаруаларынан түсетін табыстың 70%-ы Семей аймағындағы қайырымдылық іс-шараларға, медицинаны қолдауға, әлеуметтік  қорғанышсыз тұрғындарға жұмсалады деген сияқты қып-қызыл өтірік ақпараттарға толы хаттар жолдап отырған. Бірақ соншама қаражаттан бірде-бір адам көк тиын көмек алған жоқ. Әйтеуір, бірде «Невада-Семей» деген жазуы бар көгілдір майкалар мен О. Сүлейменовтің кітаптарын әкелгендері есімде қапты. Ал өткізілетін іс-шараларға жұмсалатын қаржыны біз, яғни, обком өнеркәсіп, құрылыс ұйымдарын еріксіз көндіру арқылы тауып, іс-сапармен келген сайын олардың көліктеріне, автобустарына отынын (бензинін, солярын.-аударм) құйып беріп, мейманханаларға жатқызып, жүргізушілерге сапарақысын (командировочныйын) төлеп, ас-суын әзірлеп отырдық. Ал Абай ауданына митингіге бара жатқан жүздеген адамдарды сусындармен, азық-түлікпен т.б. қамсыздандырып отырдық

Әлгі айтылған құжаттарда 1992 жылы О. Сүлейменовтың өтінішімен «Невада-Семейдің» шетелге 400 мың тонна мұнай сатуына рұқсат беріліпті. Бұл үшін Жамбыл коммерциялық банкі 400 миллион рубль тегін, яғни, қайтарылмайтын несие бөлген көрінеді. Бірақ ол қағаз жүзінде көрсетілмеген. Сол 400 мың тонна мұнай түп-түгелімен «РусОйлға»  және «Сумимекске» жөнелтілген. Бірақ мұнайдан түскен қаржы «Невада-Семейге» емес 1992 жылы «Парекс-банкінің» және «Парекстің» (Рига қаласындағы) есепшотына аударылады. Жалпы көлемі 4,9 миллион АҚШ долларының орнына Л.Беренбаум мен оның тобындағылар 2 миллион 737 мың АҚШ долларын және 471,1 миллион рубльді қолма-қол алады. Ал Алматыға әкелінген бұл доллар мен 50 млн қолмақол рубль ешқандай есептік кіріске   енгізілмепті. Ал енгізілген 421,1 млн.рубльден 25.334000 жалған құжат толтыру арқылы әкетілген.

Әрине, осы алаяқтықтың бәрінен Олжас Сүлейменовтың түк те хабары жоқ дегеннің өзінде «Невада-Семей» қозғалысының көшбасшысы ретінде осының бәрі оның «шатырының» астында болғаны үшін де бүкіл кінә оған жабылатыны да рас. Ал бүгінде біздің халқымыз «Невада-Семей» қозғалысына емес өзінің туған үкіметіне ғана сенім артып отыр.

Владимир Пигаваев,  (Жас Қазақ үні №18 (533) 03.05.-10.2012)

Естеріңізге сала кетейік, бұл – ел байлығын рәсуалаудың  алғашқы жылдарындағы жағдаяттардың бір ғана көрінісі. Тек  сол кезде алуан түрлі жоғары лауазым иелері болған,  бүгінде елге әйгілі бір-екі адамның есімін естеріңізге сала кеткіміз келеді. Ол кезде ҚР Министрлер Кабинетінің төрағасы С.Терещенко болатын. Кейін ол Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқарды. Бұрын сотталған, Л.Беренбаум басқаратын «Невада-Семей» акционерлік қоғамын бекітілген 40%-дың орнына 2%  ғана салық төлетумен жарылқаған да осы С. Терещенко басқаратын  Министрлер Кабинеті болатын. С. Терещенко қазірде Елбасымыздың сыйлас адамының бірі. Ал сол кездегі Ұлттық банк төрағасы Ғалым Байназаров қылмыстық жауапқа тартылды да кейін ақталып,  ол аз болғандай Президенттің кеңесшісі болып шыға келді. Беренбаум болса тарихи отаны Израильге аман-сау  жетіп алды. А.Машкевич  әлі де Қазақстанға қайын жұртына келген күйеу балаша емін-еркін келіп-кетіп, тіпті, саяси мәселелерге де араласып тұрады.  Қазақстан түсті металының (алюминидің) королі А. Машкевичтің тонның ішкі бауындай досы П.Шодиев те мұздай аман. Бұларды жоғарыда айтылған жоқ болып кеткен құжаттардың көзі тірі куәгерлері емес дей аласыз ба? Және бүгінде ел басқарып, үкіметті басқарып отырғандар олардан бейхабар деп ойлайсыз ба? А-а?

Мырзан КЕНЖЕБАЙ, ақын

ҚР Мәдениет қайраткері

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысында жол апатынан қаза тапқандарға көңіл айтты
    20/04 14:08 0 296
    2
    Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болды: қаза тапқандар бар
    20/04 12:02 0 201
    3
    "Субарумен" соғысқан мопедтегі жігіттердің халі мүшкіл
    20/04 11:50 0 176
    Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес
    20/04 00:01 0 333
    Оразаға дайындығың қалай?
    19/04 17:46 0 751

    Таныстырылғандар

    Қазақстандық спортшы тәжікстандық әлем чемпионын нокаутқа жіберді
    Қазақстандық спортшы тәжікстандық әлем чемпионын нокаутқа жіберді
    Қазақстандық спортшы тәжікстандық әлем чемпионын нокаутқа жіберді
    Отандасымыз әу баста жергілікті спортшы Тилек уулу Капармен (3-0-0) жекпе-жек өткізу керек еді.
    10/04/2019 19:53 2 2907
    Есте сақтау қабілетін арттыруға көмектесетін 6 тәсіл
    Есте сақтау қабілетін арттыруға көмектесетін 6 тәсіл
    Есте сақтау қабілетін арттыруға көмектесетін 6 тәсіл
    Есте сақтау қабілетінің бәсеңдеуі - сіздің денсаулығыңызда кінәрат бар екенін білдіретін фактор.
    11/04/2019 11:49 0 1501
    Қазақтың рухын әуелі патшалық Ресей, сосын Кеңестік Ресей өшіріп тастаған...
    Қазақтың рухын әуелі патшалық Ресей, сосын Кеңестік Ресей өшіріп тастаған...
    Қазақтың рухын әуелі патшалық Ресей, сосын Кеңестік Ресей өшіріп тастаған...
    Кейде мына бір тарихи деректерге қарап отырып, осы қазақты ең көп қырған, ең көп жерін тартып алған, ең көп қорлық-зорлық көрсеткен кім деген ойға кетемін
    11/04/2019 16:22 2 2075
    Қытайдағы көліктерде Димаштың әндерін шырқай аласыз (видео)
    Қытайдағы көліктерде Димаштың әндерін шырқай аласыз (видео)
    Қытайдағы көліктерде Димаштың әндерін шырқай аласыз (видео)
    Бұл көлікке мініп, компьютер арқылы нұсқау берсеңіз болды қалаған жеріңізге жеткізіп тастайды.
    12/04/2019 11:53 0 1119
    ШҚО-да қала әкімі көз жұмды
    ШҚО-да қала әкімі көз жұмды
    ШҚО-да қала әкімі көз жұмды
    Ол еңбек жолын 1995 жылы бастады
    13/04/2019 10:57 0 6619
    40 жастағы ер адамды жүк көлігі қағып өлтірді (видео)
    40 жастағы ер адамды жүк көлігі қағып өлтірді (видео)
    40 жастағы ер адамды жүк көлігі қағып өлтірді (видео)
    Mercedes-Benz Sprinter 40 жастағы ер адамды қағып кетті
    15/04/2019 09:23 0 1419
    "Ақ жол": 3 сағат даулассақ та, үміткер таба алмадық
    "Ақ жол": 3 сағат даулассақ та, үміткер таба алмадық
    "Ақ жол": 3 сағат даулассақ та, үміткер таба алмадық
    Түркістан, Маңғыстау, Алматы облыстарының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының өкілдері партияның төрағасын ұсынды
    15/04/2019 12:17 0 2468
    Түркия: Жыл сайын 40 миллион турист
    Түркия: Жыл сайын 40 миллион турист
    Түркия: Жыл сайын 40 миллион турист
    Түркияға аса қызығушылық танытатындардың көшін ресейліктер, немістер мен ағылшындар бастап тұр
    15/04/2019 17:31 0 451
    Наполеон таққа отырып, Жанна Д′арк ақталған Нотр-Дам туралы 7 қызықты дерек
    Наполеон таққа отырып, Жанна Д′арк ақталған Нотр-Дам туралы 7 қызықты дерек
    Наполеон таққа отырып, Жанна Д′арк ақталған Нотр-Дам туралы 7 қызықты дерек
    Бұл ғибадатханада 1804 жылы желтоқсан айында Наполеон таққа отырып, басына император тәжін киген еді.
    16/04/2019 13:07 0 1071
    Димаш Құдайберген Қазақстан және Өзбекстан басшыларымен кездесті (фото)
    Димаш Құдайберген Қазақстан және Өзбекстан басшыларымен кездесті (фото)
    Димаш Құдайберген Қазақстан және Өзбекстан басшыларымен кездесті (фото)
    Бұл туралы ҚР президенті Тоқаев өзінің Instagram парақшасына жариялады.
    17/04/2019 06:29 1 1196
    Әлеуметтік көмектің әлегі: 21 мың теңге үшін аналар бас көтерді
    Әлеуметтік көмектің әлегі: 21 мың теңге үшін аналар бас көтерді
    Әлеуметтік көмектің әлегі: 21 мың теңге үшін аналар бас көтерді
    Қарамай ма! Мына 8-10 баласы бар көпбалалы аналарға неге қарамайды. Әрбір үйге аяғын аттап кірмей ма!
    17/04/2019 10:18 0 1753
    Үйіңіздегі кедейліктің белгілерін білесіз бе?
    Үйіңіздегі кедейліктің белгілерін білесіз бе?
    Үйіңіздегі кедейліктің белгілерін білесіз бе?
    Бұл үрдіс сізді автоматты түрде екінші санатқа ысырып тастайды.
    18/04/2019 17:12 0 3683
    Үміткерге 107 аурудан ада деген анықтама керек
    Үміткерге 107 аурудан ада деген анықтама керек
    Үміткерге 107 аурудан ада деген анықтама керек
    Президенттікке үміткер азамат симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қосқанда, органикалық дертпен ауырмауы тиіс.
    19/04/2019 10:20 0 162
    Президент келетін кезде ғана жыртығымыз жамала ма?..
    Президент келетін кезде ғана жыртығымыз жамала ма?..
    Президент келетін кезде ғана жыртығымыз жамала ма?..
    Алматы облысыны қарасты Үштөбе қаласында да дәл қазір осындай қарбалас болып жатыр
    19/04/2019 12:07 0 1148
    Дәстүрді қайта жаңғыртып...
    Дәстүрді қайта жаңғыртып...
    Дәстүрді қайта жаңғыртып...
    Бұл мереке 2010 жылдың мамырынан бері БҰҰ-ның шешімі бойынша 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді.
    16/04/2019 11:20 0 31