• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:00:27
Алматы
+35°

18 Қазан, 2018 Оқиғалар

Қазақтарға шабуыл жасаған ресейлік "жезөкше" қолға түсті

«Жезөкше» деген лақап атпен жұмыс жасаған осы Микуличева.

Омбының облыстық сотында азиялықтарға шабуыл жасаумен айналысқан бандиттердің ісі қаралу үстінде. Мәселенің мән-жайына келер болсақ, ММА-дың бұрынғы балуаны, кезінде әлеуетті құрылымдарда қызмет атқарған  Никита Федоненко аталмыш банданың лидері. Оның қасынан әркез техникалық университеттің үшінші курс студенті Александр Безбородов пен 17 жастағы Александр Ланбин табыла білген. Кейіннен қастарына 17 жастағы бойжеткен Регина Микуличеваны қосып алған. «Жезөкше» деген лақап атпен жұмыс жасаған осы Микуличева.

Бұл банда бір жыл бойы қараңғы көшелерді кезіп, өздеріне құрбан болар азиаттарды аңдыған. Бастысы ол адамның қасында серік болмауы тиіс. Қараңғы түнде жалғыз жүрген азиаттарды көргенде омбылық бандиттер қолдарындағы әр түрлі құрал-саймандарды пайдалану арқылы (пышақ, газ баллончигі, мылтық, ұр тоқпақ) тап берген.  

Күндердің бір күнінде банданың жолы болмай, Ландин деген бандит достары ауруханадан бірақ шығады. Сол кезде омбылық бандиттер басқаша жоспармен жұмыс жасауға көшеді. Ендігі басты рөл Микуличеваға тапсырылды. Қыз әлеуметтік желіде азиат жігіттермен танысып, оларды кездесуге шақырып отырған. Алайда оның орнына қарулы бандит достары клиенттермен кездесіп отырған. Мұның арты жақсылықпен бітпеген.

Сондай кездесулердің бірінде Вага Залибекян есімді азамат көз жұмады. Кейінірек адам өлтіру фактісі бойынша банда іздеуге жарияланады. 2018 жылдың 14 мамырында аталмыш іс бойынша алғашқы сот отырысы өтеді. Дегенмен сот алдында жауап беретін бандиттер ол кезде не абақтыда, не қаладан кетпеу қолхатымен жүргендер болып шықты. Бостандықта Ланбин мен Микуличева болатын. Оқушы қызды ұрып-соғып, қансыраған күйінде қалдырып кеткен Александр Ланбин де көп ұзамай қолға түседі. Төрт айдан кейін яғни үстіміздегі жылдың қазанның 15-і күні Микуличева да құқық қорғау органдарының уысына түседі. Бүгін «жезөкше» Микуличева сот алдында барлық жасаған қылмысы үшін тік тұрып жауап бермек. Омбының бандиттері қанша қара көздің обалына қалғанынан біз бейхабармыз. Бұл туралы нақты ақпарат ешқайда жоқ. Дегенмен омбылық оңбағандардың абақтыға қамалатындары көңіл жұбатады.

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір