• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 10:14:01
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2019 Экономика

Қазақтар балаға инвестиция салу мәселесiне мүлде мән бермейдi – экономист

Баяғыда біреу үлкен ғұламаға барып «өмірімнің соңына дейін бақытты, сәтті болуым үшін не қажет» деп сұрапты

Баяғыда біреу үлкен ғұламаға барып «өмірімнің соңына дейін бақытты, сәтті болуым үшін не қажет» деп сұрапты. Сонда ғұлама ол үшін ұрпағыңа кәсіптің көзін табуға үйрет» деген екен.  

Рас, қазір қолына қомақты қаржы ұстағысы келетін, әмиянындағы тиын-тебенді  көбейтсем деп армандайтын адамдардың саны артып-ақ келеді.   Тіпті қазіргінің баласына дейін әке-шешесі «ұсақ-түйегіңді түгендерсің» деп беретін қаржыны тықпыштап жинауға бейім. Мұны қайсыбіреулер «нарық заңына ыңғайлану» деп те түсінеді. Ал бұл, шынымен, нарықтың заңын ұғыну ма?

Нақ осы ақша жинау турасында қаржыгерлер арасында бір қызық мысал бар: кезінде әлемдік тұрғыда құрыш құюдың алпауыты саналған Эндрю Карнеги: «Мен өз өмірімнің бірінші жартысын ақша жинауға жұмсаймын. Ал өмірімнің екінші жартысын сол жинаған ақшамды таратып беруге арнаймын» деген екен. Карнеги алға қойған осы мақсатымен жігерленіп, ақша жинауға деген ықыласы артқаны соншалық, өмірінің бірінші жартысында 450 млн доллар қаржы жинаған екен. Сөйтіп, расымен де, ол өмірінің соңғы кезінде жиған қаржысының игілігін халыққа көрсету мақсатында кітапханалар мен театрлар салған көрінеді. Бұған қарап, біздің  сарапшыларымыз «Карнегидің  тәсілі қазақтың қанына  мүлде сіңбеген. Қазақтың баласы  бизнес әлемі дегенді әлі толық білмейді. Тіптен жеке кәсіпкерлердің балалары әкесінің кәсібін жалғастырып кете қоюы неғайбыл» деседі.   

Жалпы, баланы бизнес әлемінен хабардар етуге қатысты еврейлер баласына бес жасынан бастап бизнес әлiппесiн үйретеді.  Ондағысы – балам есейгенде ешкiмге кiрiптар болмай, ауқатты жан болса дегенi. Ал жапондардың «Бала капиталы» атты мемлекеттiк бағдарламасын Жапонияның әр отбасы төрiне iлiп қойып, жата-жастана жүрiп оқиды.

Ал біздегі жағдай туралы сөз еткен экономист сарапшылардың бағамдауынша, қазірде Қазақстан халқының 11 пайызы ғана баласына инвестиция салуға ықылас бiлдiретiн көрiнедi. Ал қалғаны «балам жоғары бiлiм алса, болды» деген бағытты көбiрек ұстанады. 

Бұл ретте экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметов:

«Егер біздің қазақ балам белгілі бір кәсіпті меңгерсін десе, алдымен баласына арнап капитал жинауды үйренгені абзал. Ол үшін ауқатты болудың еш қажеттілігі жоқ. Мәселен, әр отбасы тапқан табысының мөлшерiне қарай жалақысының 15 немесе 10 пайызын бала капиталына салып отырса, бала есейгенше әжептәуiр қор жиналар едi. Қазақтар балаға инвестиция салу мәселесiне мүлде мән бермейдi. Бұл – өте қате нәрсе. Балаға қосымша қор жинауды қазақтың санасына сiңiретiн уақыт жетті», - дейді.

Негізінде, мамандарымыздың пайымдауынша, елде бала капиталына бюджеттен бөлінер кіріс те артқаны жөн. Мысалы, бала туылғанда берілетін жәрдемақы, баланың күтіміне арналған жәрдемақы да отбасындағы баланың туу ретінің санына қарай белгіленген. Осыған орай мамандарымыздың дені бұл ретте «мемлекеттік бюджеттен бөлінер кіріс те артқаны жөн» дейді.

Бұдан соң «шағын қаржылық жоспар кез келген отбасында болуы тиіс.  Бала-шағасы, отбасы бар адамдардың осы жоспардың болмағаны есебінен ай тығырыққа тіреліп қалып жататын кездері көп кездеседі. Ал негізінде дұрыс бағыттай алса баланы жас кезінен бастап кәсіпке баулу сөзсіз нәтиже береді» дейді мамандар.

Жалпы, бүгінде бизнестің жас талғамайтынын дәлелдеп отырғандардың санатын біз өзімізше сұрыптап көрдік.

Мысалы, Марк Цукерберг – Гарвард университетінің студенті болып жүрген кезінде Facebook әлеуметтік желісін ойлап тауып, оның негізін қалаған Марк Цукербергі туралы көбіміз жақсы білеміз. Қазірде бұл әлеуметтік желіде көпшілігіміз сағаттап, тіпті күні бойы уақытымызды өткізуге бармыз. Мэтт Мулленвег – WordPress Мэтт Мулленвег Хьюстон университетінде оқып жүрген кезінде WordPress-ті ойлап тапқан. Бүгінгі таңда ғаламтор желісіндегі әрбір 6-шы сайт (барлығы шамамен 60-миллион) WordPress арқылы жұмыс істейді. Ал күн сайын 100 мың жаңа сайт пайда болуда.Мэт 12 жасында интернеттегі алғашқы парақшасын ашады, Джек Дорси – TwitterTwitter әлеуметтік желісінің негізін салушы Джек Дорси. Нью-Йорк университетінде оқып жүрген кезінде оның ойына қысқа мәтіндік хабарламалардан тұратын сервис, яғни Twitter-ді ойлап табу идеясы туындайды.Дорси бағдарламалауды өз бетімен үйрене бастайды. Бала күнінен қала картасына, диспетчерлік қызметке қызығып өскен Дорси жедел жәрдем мен полиция үшін бағдарламалық қамту ойлап табады.2013 жылғы есеп бойынша, Твиеттердің 200 миллионнан астам қолданушысы бар. 140 символдан аспайтын қысқа жазбалардың әлемді жаулап алғаны соншалық, оны қолданушылар жас, кәсіп таңдамайтын күйге жетті. Канадалық Райан Росс. Канадада туылған Райан Росс. Кәсіпкерлікке бейімділігі 3 жасынан-ақ байқалған. Өйткені сол шынашақтай кезден бастап үйінің ауласында құс фермасын жасапты. Осы үйінің ауласында өсірген құстарының бағасына үстеме қосып сату арқылы ол алғашқы  бизнестік жолын бастаған. Қазір Канададағы ең ірі құс фермасының иесі. Осы әлемдік миллиардерлер мен миллионерлердің арасында  «Осы әлемдік миллиардерлер мен миллионерлердің арасында  «Форбс» журналының тізіміне енген ақтөбелік  қазақ баласы Марат Әбиевтің жүруі әрине біз үшін қуаныш. Оның қоржынындағы қаржы 11 миллион доллар. Марат Әбиев 13 жасынан бастап, ғаламтор арқылы косметика таратып, желілік маркетинг бизнесімен айналысады.Өзінің ақша табуға деген ынтасы мен қайсарлығының арқасында жас бала, бір жарым жыл ішінде бес мың долларға дейін пайда көреді. Кейінірек компьютер арқылы қызмет көрсетуге кіріп, 19 жасында GPS-құрылғыларын көтерме бағада сатумен айналысады.Мараттың негізгі кәсібі - мұнай және мұнай компаниясына қажет құбыр сату болған. Осыдан кейін жас кәсіпкердің тасы өрге домалап, түсетін пайдасы да көбейді.

Міне, осындай деректерге қарап отандық сарапшыларымыздың дені бала өмірге келе салысымен оған арнап инвестиция салуға дағдылану керектігін, қажет болған жағдайда мұны ата-аналарға міндеттеу де жөн екенін алға тартуда. Бұған қатысты экономист маман Жұмаділда Баяхметов:

«Бұл үрдіс Қытай Халық Республикасында қазірде жетілдірілген. Қытай елі қазірде өзінде арнайы міндеттемелер жүктеп, бала капиталын жинауға үндеп отыр. Осыдан барып ол елдің балалар қорына өз ата-анасы жалақысынан 15 пайыздық  инвестиция салса, олардың ұлттық компаниялары екінші бір инвестиция салуда. Бұдан шығатын қорытынды: аталмыш елдің сәбилері бесігінде жатқанда-ақ болашағы қамтамасыз етіліп, бала өсіп- өнгенше барлық жағдайы жасалып, дайын тұрады. Сондай-ақ ата-аналарға  мемлекеттік міндеттемелер жүктеу арқылы бұл меселені Канада, Ұлыбритания елдері де оңтайлы шешіп отыр. Осыған орай айтарым: біздің осындай міндеттемелер жүктеу арқылы бала капиталын жинап, бала жарнасын ашуға кіріскеніміз жөн»,- деді.

Қарлығаш Зарыққанқызы

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір