• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:58:38
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2019 NEWS

Қазақта бұрын "бренд" болған ба?

Әлемде жылқы жануарын қолға үйреткен "қазақ халқы" деген ғылыми тұжырым айтылып жүр

Әлемде жылқы жануарын қолға үйреткен "қазақ халқы" деген ғылыми тұжырым айтылып жүр.

Бұл ғылыми тұжырымда шындық бар. Ерте ерте заманда тіпті беріге дейін 20 мың жылқы ұстаған байлар болған.

Сол заманда бір бай кешке қарай төбеге шығып тұрып, төмендегі өзен алқабына шұбырып, келіп жатқан шегі жоқ көп жылқыны көріп, «Балам ау, мынау көп жылқы кімнің жылқысы?» деп сұраса, қасындағы туысы: «Ата- ау, бұл жылқының бәрі сіздікі ғой» десе, шал таңғалып, «мен осылардың санын осы күнге дейін білмеймін» деген екен. Сондай байлар кезінде жылқыларды сорттап, көкқасқа жылқыларды бөлек, күрең қасқаларды бөлек жинағандар болған екен. Яғни, "бренд" дәрежесіндегі тұлпарлар сол ерте дәуірде- ақ қазақта болған. Оған жүздеген жылдар аңыз болып, ел аузынан түспей келе жатқан Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбар батырдың Қарақасқасы, Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің Шалқасқасы, Ақансерінің Құлагері туралы АҢЫЗДАРЫ дәлел. Сол кездері "мына жылқы жүйрік болады -ау" деген атқа қырық ісек беріп, сатып алған кездері болыпты. Бұл да аз баға емес.
Кеңес өкіметі тұсында асыл тұқымды тұлпарлар өсірген Қостанай, Сарыторғай асыл тұқымды жылқы зауыттары жұмыс істеп, кезінде, аттары Одаққа жайылған тұлпарлар өсіріп, таратып еді. Ақын Ғафу Қайырбеков Шығыс Қазақстанда жылқы зауытынң директоры болған Бошай Кітапбаев туралы жазды. Сол кісі Қазақстан бәйгеде оза шапқан талай тұлпарлар шығарған екен.
Жылқы затындағы "БРЕНД" дегеніміз осындай сәйгүліктер. 
Әлемдік брендте Араб жылқысы, Ағылшын жылқысы, Түрікмен жылқылары аталып, аукционда кейбірі миллион долларға сатылады екен. Бізде де келешекте ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫСЫ" БРЕНДІН ашуға жол түсуге тиіс.
Қазақта жылқыдан басқа да "БРЕНДТЕР" болған. Мәселен, Кеңес өкіметі кезінде қой шаруашылығындағы "Еділбай қойы" бренд болды. Оның әр бірінің салмағы 110-120-келі тартушы еді. Одан кейін оңтүстік облыста қанат жайған бұйра елтірілі қой өсірілген. Бұл қойдың да қазір берекесі кетті.
Қазақстанда мал шарашылығында тағы бір "БРЕНД" болды Ол қазақтың асыл тұқымды "ақ бас сиыры", Бұл сиырдың әрбірі күніне отыз литр сүт бере алатын.
Қазақстандағы төртінші бренд ол Қапшағай форфор зауытының өнімдері еді.
Қазір сол форфор зауыты шығарған шәйнектерді кеселерді, табақтарды шаммен іздеп жүріп таппайсыз.
Ал, өзбектер болса, ақ форфордан емес, жәй саздан (керамика) үй заттарын көркем үлгімен шығарып, "өзбек брендін" жасап отыр.

Бұл біздің қолдан келмейтін іс пе еді!!!?
Керісінше керамика зауыттарын жаппай жауып тастадық.

Жұмат Әнесұлы

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір